Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обеспечения бесплатным проездом, а также продуктами питания или деньгами на путь следования лиц, освобождаемых от отбывания наказания в виде ареста или лишения свободы, к избранному ими месту жительства или работы

Бұйрық · № 118 · қабылданған 05.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-165029/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил обеспечения бесплатным проездом, а также продуктами питания или деньгами на путь следования лиц, освобождаемых от отбывания наказания в виде ареста или лишения свободы, к избранному ими месту жительства или работы Қолданыста Бұйрық ·№ 118 ·05.03.2022
05.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обеспечения бесплатным проездом, а также продуктами питания или деньгами на путь следования лиц, освобождаемых от отбывания наказания в виде ареста или лишения свободы, к избранному ими месту жительства или работы

Қолданыста Бұйрық ·№ 118 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обеспечения бесплатным проездом, а также продуктами питания или деньгами на путь следования лиц, освобождаемых от отбывания наказания в виде ареста или лишения свободы, к избранному ими месту жительства или работы
Атауы (қаз.)
Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118
Қабылданған күні
05.03.2022
Көрсетілген редакция
05.03.2022 165029_575224.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027036
ЭКБ идентификаторы
165029
Редакция идентификаторы
165029_575224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:14

0 Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны

өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 5 наурыздағы
№ 118
бұйрығымен бекітілген
Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына, 167-бабына (бұдан әрі – ҚАК) сәйкес әзірленді және қамаққа алу түріндегі немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды (бұдан әрі – босатылатын адам) өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету тәртібін регламенттейді.

2 2-тарау. Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету тәртібі

2 2. Жазаны орындайтын мекеменің әкімшілігі қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатқанға дейін он жұмыс күнi бұрын:

1 1) босатылатын күнiн, бағытын және межелі пунктiн көрсете отырып, босатылатын адамдардың тiзiмiн жасайды;

2 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінде босатылатын адамның тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына дейiн жол жүру билетiн сатып алу үшiн қажеттi ақша қаражатын есептейді;

3 3) ҚАК-тің 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде бекітілген заттай нормаларға сәйкес босатылатын адамға үлесін есептейді.

Жүру жолында тамақ өнімдері болмаған жағдайда, жолда болған әрбiр тәулiк үшін айлық есептiк көрсеткiштің елу пайызы мөлшерiнде ақша берiледі.

3

3. Жазаны орындайтын мекеме әкiмшiлiгi босатылғанға дейін он күн iшiнде босатылатын адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына дейін жол жүру билетiн сатып алады. Жол жүру билетi үшiн ақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргiзіледi.

4 4. Босатылатын адам жазаны орындайтын мекеменің әкімшілігінен жазасын өтеуден босатылған күні тамақ өнімдерін  не Қазақстан Республикасының аумағы шегінде жол жүруге ақша алады.

5

5. Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кететін шетелдік сотталғандарға жол жүру билеттері Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері орналасқан жерге дейін сатып алынады.

Қолданыстағы