Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением

Бұйрық · № 80/НҚ · қабылданған 05.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-165030/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением Қолданыста Бұйрық ·№ 80/НҚ ·05.03.2022
05.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением

Қолданыста Бұйрық ·№ 80/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением
Атауы (қаз.)
Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
80/НҚ
Қабылданған күні
05.03.2022
Көрсетілген редакция
05.03.2022 165030_563141.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027038
ЭКБ идентификаторы
165030
Редакция идентификаторы
165030_563141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:15

0 Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы

1 Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 5 наурыздағы
№ 80/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің және оның бірге тұратын отбасы мүшелерін (жұбайы, зайыбы) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайда профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрi – ғарышкерлікке кандидат) – алдын ала iрiктеуден өткен және ғарышкер бiлiктiлiгiн алу үшiн даярлыққа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматы;

2 2) Қазақстан Республикасының ғарышкерi (бұдан әрi – ғарышкер) – даярлықтан өткен, ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеушi ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) бiлiктiлiгiнің және ғарышкер мәртебесiнің берілгені туралы құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматы;

2 2-тарау. Ғарышкерлікке кандидатты, ғарышкерді жыл сайынғы профилактикалық тексерілулермен қамтамасыз ету тәртібі

3

3. Ғарышкерлікке кандидаттардың, ғарышкердің және оның бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы, зайыбы) жыл сайынғы профилактикалық тексерілуі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 142-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы бекіткен тізбеге (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жыл сайын профилактикалық қарап-тексерумен қамтамасыз етілуге жататын адамдардың тізбесін қалыптастырады.

5 5. Уәкілетті орган жыл сайын 31 желтоқсанға дейін профилактикалық қарап-тексерумен қамтамасыз етілуге жататын адамдардың тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына, олардың тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және (немесе) аумақтық органға жібереді.

6 6. Жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей Уәкілетті орган ғарышкерге және оның бірге тұратын отбасы мүшесіне (жұбайы, зайыбы) ғарышкерге жыл сайынғы профилактикалық тексерілуден өту мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді.

3 3-тарау. Ғарышкерлікке кандидатты, ғарышкерді медициналық емдеумен қамтамасыз ету тәртібі

7 7. Ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді және бірге тұратын отбасы мүшелерін (жұбайы, зайыбы) медициналық қамтамасыз ету:

1 1) Тізбеге сәйкес;

2 2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы басқа да медициналық ұйымдарда олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

8 8. Ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді және олардың бірге тұратын отбасы мүшелерін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету Кодекстің 139-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Ғарышкерлікке кандидатты, ғарышкерді және олардың бірге тұратын отбасы мүшелерін медицина ұйымдарына ауыстыру қажеттілігі туындаған кезде, ауыстыру Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес бекітілген Медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4-тарау. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібі

10 10. Ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді және бірге тұратын отбасы мүшелерін (жұбайы, зайыбы) санаторийлік-курорттық емдеу:

1 1) Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) Тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы басқа да санаторийлік-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.

11

11. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер және олардың бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларына сәйкес медициналық оңалтуға жіберіледі.

Қолданыстағы