О маркировке табачных изделий и прочих изделий, содержащих табак, акцизными марками
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О маркировке табачных изделий и прочих изделий, содержащих табак, акцизными марками
- Атауы (қаз.)
- Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциз таңбаларымен таңбалау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 792
- Қабылданған күні
- 07.08.2003
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2021 16512_534287.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000792_
- ЭКБ идентификаторы
- 16512
- Редакция идентификаторы
- 16512_534287
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:04
0 Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциз таңбаларымен таңбалау туралы
Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды заңсыз өндiрудi және олардың айналымын болдырмау, акцизделетiн тауарларды акциз таңбаларымен таңбалау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2 2. Темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де өнiмдердi (бұдан әрi - темекi бұйымдары) жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалау 2003 жылғы 1 қазаннан бастап енгiзiлсiн, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды - 2402.
3 3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4 4. Отандық және импорттық өндiрiстегi темекi бұйымдарын 2003 жылғы үлгiдегi акциз таңбаларымен сатуды:
1 1) темекi бұйымдарын өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2003 жылғы 1 қазаннан бастап;
1-1 1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;
2 2) темекi бұйымдарын сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5 5. Темекi бұйымдарын жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен таңбалауды отандық темекi бұйымдарын өндiрушiлер, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
6 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Банкнот фабрикасымен (филиалы) темекi бұйымдарын таңбалау үшiн жаңа үлгiдегi акциз таңбаларын дайындауға арналған шарт жасассын;
импортталатын темекi бұйымдары бойынша келiсiм-шарттарды есепке алуды мiндеттi түрде жүргiзе отырып, темекi бұйымдарын өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және импорттаушылардан акциз таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн;
акциз таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды өндiру және оның айналымы саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың темекi бұйымдарын түгендеудi жүргiзу тәртiбiн әзiрлесiн.
7
7. Темекi бұйымдары таңбаланған 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциз таңбаларының құны, сондай-ақ темекi бұйымдары бойынша 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалдықта болған, пайдаланылмаған 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциз таңбаларының құны жүргiзiлген түгендеудiң негiзiнде отандық тауар өндiрушiлер мен темекi бұйымдарын импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының шығындарына жатқызылады.
8 8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22. N 904 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
9 9. Мыналардың:
1 1) "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды акциз таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 290-құжат);
2
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 және 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 8 қарашадағы N 1421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 498-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
10 10. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
16 Жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнiмiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 8 тамыздағы
№ 792 қаулысына
қосымша
Жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнiмiнiң тiзбесi