Об информационных справочниках, используемых при применении резервного метода определения таможенной стоимости товаров
Күшін жойған
Қаулы
·№ 794
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об информационных справочниках, используемых при применении резервного метода определения таможенной стоимости товаров
- Атауы (қаз.)
- Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 794
- Қабылданған күні
- 07.08.2003
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2010 AI16513_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000794_
- ЭКБ идентификаторы
- 16513
- Редакция идентификаторы
- AI16513_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:04
0 Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 314-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Мыналар:
1 1) "ЦЕНА-ИНФОРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені;
2 2) Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының "Тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығы" (Қазақстан Республикасы);
3 3) Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлiк техниканың және күрделi техникалық жүйелердiң тауар өндiрушiлері қауымдастығы (ҚСЭКЖҚ) заңды тұлғалар бiрлестiгінiң "Қазақстан Республикасына импортталатын тұрмыстық электр тауарларының бағалары бойынша ақпараттық анықтамалық;
4 4) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Еуропа елдерiнiң аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Superschwacke" каталогы "Eurotaxschwacke GmbH, Германия);
5
5) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Америка Құрама Штаттарының аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Kelley Blue Book" каталогы (Kelley Blue Book Co, АҚШ) тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар ретінде белгіленсін.