Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Исатайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Исатайского района
- Атауы (қаз.)
- Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 03.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2022 165237_563430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22TD027096
- ЭКБ идентификаторы
- 165237
- Редакция идентификаторы
- 165237_563430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:16
0 Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2
2. Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 244 «Исатай ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Исатай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 3 наурыздағы
№ 26 қаулысына қосымша
Исатай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасу орны
Алатын алаңы (шаршы метр)
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
1
Аққыстау ауылы,
Ынтымақ көшесі, «Аққыстау вокзалы» Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Атырау магистральдық желісіне қарасты ғимаратына қарама-қарсы
800
жоқ
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
2
Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі,
«Атырау облысы Исатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы
360
жоқ
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
3
Тұщықұдық ауылы, А.Смағұлов көшесі, «Универмаг» дүкеніне қарама-қарсы
100
«Универмаг»
дүкені
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
4
Х.Ерғалиев ауылы, И.Шөкетаев көшесі, «Темеш» кафесіне қарама-қарсы
120
«Темеш» кафесі
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
5
Жанбай ауылы, З.Құрасұлы көшесі, Жолаушылар аялдамасына қарама-қарсы
140
жоқ
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
6
Нарын ауылы, Болатжол көшесі, № 6, 7 үйлерге қарама-қарсы
164
жоқ
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
7
Исатай ауылы, Теміржол көшесі,
№ 5, 6, 7 үйлерге қарама-қарсы
120
жоқ
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5
8
Зинеден ауылы, Қуанышбаев көшесі, «Шағала» дүкеніне қарама-қарсы
72
«Шағала» дүкені
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
5