Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил розничной торговли вне торговых мест путем сетевого маркетинга, общественных распространителей, продажи по почте и другими способами

Бұйрық · № 136-НҚ · қабылданған 11.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-165247/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил розничной торговли вне торговых мест путем сетевого маркетинга, общественных распространителей, продажи по почте и другими способами Қолданыста Бұйрық ·№ 136-НҚ ·11.03.2022
15.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил розничной торговли вне торговых мест путем сетевого маркетинга, общественных распространителей, продажи по почте и другими способами

Қолданыста Бұйрық ·№ 136-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил розничной торговли вне торговых мест путем сетевого маркетинга, общественных распространителей, продажи по почте и другими способами
Атауы (қаз.)
Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
136-НҚ
Қабылданған күні
11.03.2022
Көрсетілген редакция
15.02.2023 165247_621710.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027114
ЭКБ идентификаторы
165247
Редакция идентификаторы
165247_621710
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:11

0 Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда

қағидаларын бекiту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 11 наурыздағы
№ 136-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және
басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда
орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 12-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданы жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

2

2. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданы жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ сауда қызметiнің субъектілерi өз қызметiнде Заңды, сауда қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

3 3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерiмен реттелетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң айналымы жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.

4 4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бөлшек сауданың басқа тәсiлдерi - телекоммуникация құралдары, электронды байланыс, оның iшiнде интернет электрондық желiсi және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де тәсiлдер арқылы сауда орындарынан тыс бөлшек сауда;

2

2) тапсырыс - белгiлi бiр тауарды (қызметтi) сатып алуға нақты ниет білдiрiлген, сатып алуды жүргiзу үшiн қажеттi талаптар (тауар саны мен сапасы, бағасы, жеткiзу мерзiмi және тағы басқа) жазылған, сатушы жауабының шектеулi мерзiмi көрсетiлген, тапсырыс берушiнiң сатушыға жiберген құжаты, осы мерзiм iшінде сатушының өтiнiмдi сөзсiз растауын алған кезде шарт жасалған болып саналады және екi тарап үшiн де мiндеттi болады;

3 3) қоғамдық таратушылар - үйде, мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда, көлiкте тауарларды ұсыну арқылы ықтимал сатып алушылармен тiкелей жұмыс iстейтiн, кiрiсi тек сату көлемiне тәуелдi сатушылар немесе агенттер;

4 4) маркетинг желісі - тауарды өз бетінше немесе басқа агенттердi тарту арқылы тарататын тәуелсiз сатушылар әрекет ететiн, сауда орындарынан тыс бөлшек сауданың бiр түрi, олардың кiрiсi дербес сатудан және олар желiге тартқан басқа агенттердiң сатуынан түскен комиссиялық кiрiстен тұрады.

2 2-тарау. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданы жүзеге асыру тәртібі

5 5. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданың көмегiмен сатылатын тауарлардың түр-түрiн сатушы айқындайды.

6 6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе шартпен өзгеше белгіленбесе, не тауардың табиғи орамы болмаса, тауардың әр бірлігі оралады, өлшеніп салынады.

Сатушы сатып алушының сұрауы бойынша тауарды арнайы ыдысқа (себеттер, қораптар, полиэтилен сөмкелер және басқалар) орау бойынша өтеулі немесе өтеусіз негізде қосымша қызметтер көрсете алады, тапсырыстарды сыйлық ресімдеуде жинақтайды, тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсетеді.

7 7. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен қандай да бiр тауарларды сату кезiнде тұтынушының жасы бойынша шектеу белгіленсе, егер тұтынушы жасын растайтын құжаттарды ұсынбаса, онда сатушы сатудан бас тартады.

8

8. Егер сатушы тауардың кемшілiктерiн айтпаған болса, сапасы төмен тауар сатып алған сатып алушы өз таңдауы бойынша сапасыз тауарды тиiстi сапалы тауарға айырбастауға, тауардың сатып алу құнын мөлшерлес төмендетудi, тауардың кемшілiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамада белгіліенген мерзімде жоюды, тауардың кемшiлiктерiн жою жөнiндегi шығыстарды өтеудi немесе шартты орындаудан бас тартуды және тауарға төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етеді.

9 9. Тапсырыстарды қабылдау, беру және жеткiзу сатып алушымен келiсiлген уақытта жүргізiледi.

10

10. Тапсырысты ресімдеу қағаз жеткізгіште екі данада немесе электрондық нысанда жүргізіледі, онда тапсырыстың реттік нөмірі, сатушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тауардың атауы, бағасы, саны, жалпы құны, қосымша көрсетілетін қызметтердің құны, тапсырысты қабылдау және орындау күні мен уақыты, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеткізу мекенжайы, сондай-ақ өзге де келісілген шарттар көрсетіледі.
Қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тапсырыс бланкісінің бірінші данасы сатып алушыға беріледі, екіншісі сатушыда сақталады. Егер алдын-ала төлем жасалса, тапсырыс формасында арнайы белгі қойылады.

11 11. Тапсырысқа өзгерістер тек сатып алушының келісімі бойынша енгізіледі. Тапсырыс берілген тауарлардың қандай да бірінің болмауы туралы сатушы сатып алушыны хабардар етеді және төлем жасалған жағдайда оған тиісті ауыстыруды немесе қаражатты қайтаруды ұсынады.

12 12. Тапсырысты сатып алушыға берген кезде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда тауарды босатуға арналған жүкқұжат, ал қолма-қол тәсілмен төлем жүргізген кезде – бақылау-касса машинасының чегі (тауар чегі) беріледі.

13 13. Тапсырысқа алдын ала төлем жасаған, бiрақ оны белгіленген мерзiмде алмаған сатып алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол төлеген ақша қайтарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес тауарды уақтылы жеткізбеуден болған шығын өтеледi.

14 14. Төлем жасалған немесе алдын-ала төлем жүргiзiлген жағдайларда тапсырысты тиiсті орындау тапсырыс бойынша жiберiлген тауарды алудан (сатып алудан) бас тартқан жағдайда сатып алушы сатушының тауарды почта арқылы жiберуге кеткен шығыстарын өтейдi.

15 15. Қоғамдық таратушылар жасайтын бөлшек сауда үйде, мекемелерде, ұйымдарда, кәсiпорындарда және көлiкте тауарларды ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

16 16. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

17

18 18.

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19 19.

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қолданыстағы