Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 26 · қабылданған 28.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-165314/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Западно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 26 ·28.02.2022
20.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Западно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 26 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26
Қабылданған күні
28.02.2022
Көрсетілген редакция
20.09.2023 165314_658375.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22Z0027008
ЭКБ идентификаторы
165314
Редакция идентификаторы
165314_658375
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:19

0 Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2. «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Б Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 26
қаулысымен бектілген
Б Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1. Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2. Батыс Қазақстан облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.

3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – шаршы сантиметр есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Батыс Қазақстан облысының аумағындағы
бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне
қосымша

Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
2022 және алдағы жылдар (теңге)
1.
Мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды әзірлеу және оларды орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
400
2.
Мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды әзірлеу және оларды орналастыру) (Bm)
шаршы сантиметр
280
3.
Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды әзірлеу және оларды орналастыру) (Bi)
таңба
38
4.
Телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды әзірлеу және оларды орналастыру) (Btv)
минут
39 500
5.
Телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликті әзірлеу) (Btv)
секунд
22 000
6.
Телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалық сипатындағы телебағдарламаны сурдоаудармамен қамтамасыз ету) (Btv)
минут
4017
7.
Радиоарнадағы көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды әзірлеу және оларды орналастыру) (Br)
минут
20 000
8.
Радиоарнадағы көрсетілетін қызмет (аудиороликті әзірлеу және оларды орналастыру) (Br)
секунд
580

Қолданыстағы