О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 130
- Қабылданған күні
- 16.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2022 165325_565770.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000130
- ЭКБ идентификаторы
- 165325
- Редакция идентификаторы
- 165325_565770
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:06
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлiк басқармасы» республикалық мемлекеттiк мекемесі құрылсын.
2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 241-тармақпен толықтырылсын:
«241. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлiк басқармасы.»;
2 2) «Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 585 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарында:
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
40.
Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ахуалдық орталық» және «Электрондық декларациялау орталығы» басқармаларының
базасында инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттеріне қашықтықтан талдау жүргізу және тауарлар мен көлік құралдарына кедендік жете тексеруді жүргізуді бақылау үшін бас диспетчерлік басқарма құру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2022 жылғы
2-тоқсан
Қаржымині,
АШМ, ҰҚК (келісу бойынша)
талап етілмейді
».