Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района

Ереже · № 129 · қабылданған 21.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-165513/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района Қолданыста Ереже ·№ 129 ·21.02.2022
15.05.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района

Қолданыста Ереже ·№ 129 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района
Атауы (қаз.)
Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
129
Қабылданған күні
21.02.2022
Көрсетілген редакция
15.05.2025 165513_761812.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22VQ026958
ЭКБ идентификаторы
165513
Редакция идентификаторы
165513_761812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:25

0

Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Ұлан аудандық мәслихатының шешімдерінің күшi осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 2022 жылғы 21 ақпандағы

№ 129 Шешімге
1 қосымша
Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері»

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Заңына сәйкес әзірленеді және Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

3

3. Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Әлеуметтік қолдау Ұлан ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

5 5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10,9359 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

12 Күші жойылған шешімдердің тізбесі

2022 жылғы 21 ақпандағы
№ 129 Шешімге
2 қосымша
Күші жойылған шешімдердің тізбесі

1

1) Ұлан аудандық мәслихатының «Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 376 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7063 тіркелген);

2

2) Ұлан аудандық мәслихатының «Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 «Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгеріс еңгізу туралы» 2017 жылғы 30 наурыздағы № 87 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4967 тіркелген);

3

3) Ұлан аудандық мәслихатының «Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 «Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 11 қазандағы № 236 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-202 тіркелген);

4

4) Ұлан аудандық мәслихатының «Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 «Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 334 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6504 тіркелген).

Қолданыстағы