Об утверждении Перечня животных, используемых для кормления других животных, содержащихся в неволе и (или) полувольных условиях
Қолданыста
Бұйрық
·№ 84
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня животных, используемых для кормления других животных, содержащихся в неволе и (или) полувольных условиях
- Атауы (қаз.)
- Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 24.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2022 165582_578752.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027219
- ЭКБ идентификаторы
- 165582
- Редакция идентификаторы
- 165582_578752
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:59
0 Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесін бекіту туралы
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа да жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология, және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 84 Бұйрығымен
бекітілген
№
р/с
Жануарлардың түрлері
1.
2
Кеміргіштер
1
Тышқан
2
Егеуқұйрық
3
Моңғол құмтас
4
Алтын (сирия) атжалман
5
Гвинея шошқасы
Қоян тәрізді
6
Қоян
Құстар
7
Бөдене
8
Тауық
9
Үйрек
10
Қаз
Бауырымен жорғалаушылар
11
Жылан
12
Кесіртке
Қосмекенділер
13
Бақа
Балықтар
14
Балық аулау объектілері болып табылатын, сондай-ақ аквамәдениетте ұсталатын және өсірілетін балықтардың барлық түрлері
Ескертпе: сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінен басқа.