Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан

Бұйрық · № 25 · қабылданған 28.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-165681/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 25 ·28.03.2022
28.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 25 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25
Қабылданған күні
28.03.2022
Көрсетілген редакция
28.03.2022 165681_567491.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027254
ЭКБ идентификаторы
165681
Редакция идентификаторы
165681_567491
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:54

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Экономика салаларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 25
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14375 болып тіркелген).

2

2. «Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығы, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16890 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

3

3. «Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 79 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21437 болып тіркелген).

Қолданыстағы