О здоровье населения области, стимулировании здорового образа жизни и задачах по реализации Указа Президента Республики Казахстан «О первоочередных мерах по улучшению состояния здоровья граждан Республики Казахстан» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс халқының денсаулығы, салауатты өмір салтын ынталандыру және «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Республика Президентінің Жарлығын іске асыру міндеттері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. Денсаулық сақтау облыстық басқармасының бастығы Ш.М.Қадырбековтың «Облыс тұрғындарының денсаулығы, салауатты өмір салтын ынталандыру және «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» баяндамасын тыңдай және талқылай келе облыстық маслихат осы бағытта облыста бірнеше бағдарлама құрылып, олардың облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жасап отырғанын көрсетеді. Бірнеше емдеу профилактикалық мекеме көздерін сақтап қалуға көптеген шаралар қолданылуда, Орал қаласында облыстық диагностикалық - қеңес орталығы құрылып, жұмыс жасауда және адамдарға салауатты өмір салтын ынталандыру орталығы құрылды. Емдеу-профилактикалық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуда жұмыс жүргізіліп келеді. Сонымен қатар облыстық маслихат эпидемиологиялық жағдай, медициналық қызметтің сапасы, көрсетіліп отырған көмектің көлемі азаматтардың денсаулығын қорғаудағы конституциялық правосының талабына сәйкес еместігін көрсетеді. Облыста тұрғындардың табиғи өсімі кері көрсеткіш дәрежесіне жеткенін де атап өтті. Жалпы адам өмірінің көп деңгейде қысқарылып бара жатырғандығын, соның ішінде жарақат алу, уланудың себептерінен болған өлімінің саны өте жоғары. Жәнібек, Шыңғырлау, Казталовка, Орда аудандарындағы сәбилер өлімінің көрсеткіштері айрықша көңіл бөлуді талап етеді. Анемиямен ауыратын науқас әйелдердің саны төмендемей отыр, балалы әйелдердің өлімінің тіркелуі әлі де жалғасуда. Соңғы үш жыл ішінде онкологиялық науқастар саны өсуде. "Капустин Яр", "Азғыр" полигондарында әскери жарылыстардың болу салдарынан облыстың оңтүстік аймақтарындағы аудандарда сәбилер және жалпы адам өлімінің саны өсуде. Ядролық және ракеталық жарылыстардың нәтижесінде жарақат алған тұрғындарға тиісті статусты белгілеуді үкімет жанынан әлі күнге дейін қолдау таппай отыр. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай ауырлауда, бұл ауру облыста орта мемлекеттік көрсеткіштен 1,5 есе өсті. Әскерге қабылданушылар мен жасөспірімдерге дәрігерлік санитарлық көмек көрсету басты мақсатта тұр. Облыс бойынша наркологиялық аурудың өсуі, әсіресе, ауылдық жерлерде нерв жүйесінің бұзылуына әкеліп соқтырады. СПИД, венерологиялық аурулардың өсуі басты мәселе болып қалып отыр. Санитарлық талаптардың орындалмауының нәтижесінде, жеке бас гигиенасының сақталмағандығынан жыл сайын 97 мың түрлі жұқпалы аурулар тіркеліп отыр. Денсаулық сақтау орындарына қаражаттың толық жеткізілмеуінің себебінен халыққа толық дәрігерлік көмек көрсетілмеуі бір басты мәселелердің қатарында қалып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, жедел дәрігерлік сақтандыру қорының облыстық бөлімі халық арасында адамдардың денсаулығы туралы үгітті дұрыс жүргізуге көңіл бөлмейді. Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Президентіміздің "Азаматтардың дәрігерлік сақтандырылуы туралы" Жарлығын, “Қазақcтан Республикасының халықтарының денсаулығын қорғау туралы” Заңның,олардың денсаулығын дамыту және нығайту бағытына бағытталған Заң Актілерін бұлжытпай орындалуына нақты шара қолдануын қала аудан әкімдеріне, облыстағы маслихаттарға тапсыру. 18 мамыр 1998 жылы № 3956 қабылданған "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі" Президенттің Жарлығын орындау мақсатында арнайы бағдарлама құру және оның орындалуына қаржы бөлуді қарастыру. Мекеме басшыларына коллективіндегі адамдардың денсаулығын, еңбек жағдайын жақсартуға және салауатты өмірге ынталарын арттыруға түрлі бағыттарын еңгізуге жауапкершіліктер жоғарылатылсын. Тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселесін маслихаттардың сессияларында әкімшіліктердің коллегия отырыстарында әлсін-әлі еңгізіп қарап отыру талап етілсін.
Тармақ 2
2. Қала,аудан әкімдеріне, облыстық денсаулық сақтау, мемлекеттік санитарлық бақылау, экология және биоресурстар басқармаларының басшыларына, Міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөліміне 18 мамыр 1998 жылы шыққан Президент Жарлығын орындау үшін нақты шаралар белгілеп, оны жүзеге асыру тапсырылсын. Ол үшін: - бес жасқа дейінгі балалардың жаппай иммунитетін нығайтуға дереу кірісетін болсын; - жаңа туған сәбилерге Б-вирустық гепатитіне қарсы вакцина егу бағдарламасын іске асыруға, ал дерттену мейлінше көп тараған аймақтарда -балаларға А-вирустық гепатитіне қарсы вакцина егуге кіріссін; - 1998 жылы ішінде туберкулезге шалдыққан науқастарды Дуниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдістеме бойынша емдеу бағдарламасын енгізсін; - жаңа туған сәбилердің жыл сайын иммунитетін нығайтумен толық қамтылуын қамтамасыз етсін; - ана мен баланы қорғау жөніндегі үкімет қаулысындағы жеңілдіктердің орындалуын қадағаласын; - облыс тұрғындарына алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері сақтап қалынсын; - туберкулез бен инфекциялық аурулармен күресті облыста әлеуметтік саяси бағыттың басты мәселелерінің бірі деп саналсын. "Қоршаған ортаны қарғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ядролық және ракеталық жарылыстардың нәтижесінде жарақат алған облыс тұрғындарына тиісті статусты белгілеуді Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінен шешуді сұрасын.
Тармақ 3
3. Халықтың денсаулығын жақсарту үшін облыстық, қалалық аудандық әкімшілікпен, білім, мәдениет еңбек және әлеуметтік қорғау, туризм және спорт, хабарландыру басқармалары кәсіподақ ұйымымен бірігіп практикалық шаралар ұйымдастырылсын. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде санитарлық-гигиеналық талаптарға сай азық-түлікпен қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын сақтау үшін спорттың сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, спорт аландарын керек құралдармен жабдықталсын. Ішімдік пен шылым шегудің адам денсаулығына зиянды екенін радио тараптары арқылы халыққа үгіттеу және балалардың денсаулығын сақтау үшін демалыс үйлерін, сауықтыру лагерлерін, санаторийлерін ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, зейнеткерлерді, мүгедек балаларды, әйелдерді, коп балалы жанұяларды әлеуметтік қорғауға арналған Заңның орындалуын облыс, қала, аудан әкімшіліктеріне, шаруашылық басшыларына тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Облыста және қалада халыққа қызмет көрсетіп отырған денсаулық сақтау орындарына дер кезінде керек қаржымен қамтамасыз етуді облыстық қаржы бөліміне, денсаулық сақтау басқармасына міндетті медсақтандыру қорының облыстық бөліміне тапсырылсын. Бөлінген қаржының себепсіз жойылмауын жөне жоғалмауын үнемі қадағалап отыруды облыстық Мемлекеттік қаржыны бақылау басқармасына және облыстық маслихаттың тексеру комиссиясына тапсырылсын.
Тармақ 6
6. "Орал өңірі", "Приуралье'’ облыстық газеттеріне, облыстық телерадиокомитетіне дәрігерлік мекемелердің жұмысын жиі және мазмұнды хабарлауды, штаттан тыс авторларды денсаулық сақтау тақырыбына материал дайындауға тартып, салауатты өмірге ынта түрлері мен формаларын үгіттеу тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық маслихат аппараты сессия бойында еңгізілген ұсыныстар мен сынды ескертулер қорытылып, орындауға жауапты адамдарға шара қолдануға жіберілсін. Бүл шешімнің орындалуын облыстық маслихаттың ұлтаралық қатынас, әлеуметтік қорғау, тіл дамыту, ғылым, білім және мәдениет сұрақтарымен айналысатын тұрақты комиссиясының бақылауына еңгізілсін.