Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о техническом сотрудничестве по Программе совместных экономических исследований между Правительством Республики Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о техническом сотрудничестве по Программе совместных экономических исследований между Правительством Республики Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 31.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2022 165781_565669.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000180
- ЭКБ идентификаторы
- 165781
- Редакция идентификаторы
- 165781_565669
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:45
0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы
келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы
келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Банк)
бұдан бұрын Тараптар жасасқан 2020 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-бөлімнің б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«б) Үкімет әр жұмыс кезеңіне арналған Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасына қол қоюға уәкілетті ресми тұлға (Үкімет атынан) ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрін тағайындайды.»;
3-бөлімде:
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) Үкімет тиісті жұмыс кезеңіне арналған тиісті Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасының ережелері мен оның шарттарында және Банк форматы бойынша ақы төлеуге сұрау салуға сәйкес (инвойс) Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасын орындағаны үшін Банкке сыйақы төлейді. Үкімет әр жұмыс кезеңіне арналған Жыл сайынғы ӨНКҚ бағдарламасында көрсетілетін бюджеттік бағдарламада көзделген қаражаттан тиісті сыйақылар/төлемдер жүргізетін болады.»;
а) тармақшасына ескертпе алып тасталсын.
2 2-бап
Осы Хаттама оған барлық Тараптар қол қойғаннан кейін оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Үкіметтің орындағаны туралы Банкке жазбаша түрде хабарланған кезден бастап күшіне енеді.
Келісімнің осы Хаттамаға қайшы келмейтін барлық қалған ережелері күшінде қалады.
2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Халықаралық Қайта Құру және
Даму Банкі үшін