Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Ереже · № 149 · қабылданған 17.03.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-165804/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества Тайыншинского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 149 ·17.03.2022
13.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 149 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества Тайыншинского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149
Қабылданған күні
17.03.2022
Көрсетілген редакция
13.11.2023 165804_665704.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22SK00149M
ЭКБ идентификаторы
165804
Редакция идентификаторы
165804_665704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:05

0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында

бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша аудандық мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 149 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың осы қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелерінің және ауылдық округтер ауылдарының тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қала (әрі қарай - Тайынша қаласы), ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округтің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7. Тайынша қаласының көшелері, ауылдық округ ауылдары көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті Тайынша қаласының көшелерінің, ауылдық округ ауылдары көшелерінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы Тайынша қаласында, ауылдық округ ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелерінің, ауылдық округ ауылдары көшелерінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде, бірақ үш адамнан аспайтын мөлшерде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

1) Тайынша қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны:

жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар Тайынша қаласы көшесінің 1 (бір) өкілі бойынша;

2) ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар ауыл тұрғындарының жалпы санының 1 % (пайызы), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан артық емес.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тайынша қаласы әкімінің аппаратына, ауылдық округке 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

Қолданыстағы