Құжат мәтініне өту

Аудан әкімияты жанындагы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы

Қаулы · № 8-38 · қабылданған 09.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16595/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Аудан әкімияты жанындагы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 8-38 ·09.07.2003
12.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан әкімияты жанындагы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 8-38 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан әкімияты жанындагы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы
Атауы (қаз.)
Аудан әкімияты жанындагы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-38
Қабылданған күні
09.07.2003
Көрсетілген редакция
12.01.2011 · қолданыстағы AI16595_1.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03DN001261
ЭКБ идентификаторы
16595
Редакция идентификаторы
AI16595_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:08

0 Аудан әкімияты жанындагы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссия құрылсын (1 қосымша).

2 2. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясының құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.

3 3. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).

4 Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясының дербес құрамы:

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қайнарбековке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімінің орынбасары
Аппараттың басшысы
Аппараттың заңгері
міндетін атқарушы
Жалпы бөлімінің бастығы
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілдедегі
N 8-38 Қаулысына
1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясының дербес құрамы:
1. Қай­нар­бе­ков Тал­ғат Қа­на­тұ­лы
аудан әкі­мі­нің орын­ба­са­ры, ко­мис­сия тө­ра­ға­сы
2. Ағы­ба­ев Ға­ни Бар­тай­ұ­лы
"Көк­су ауда­ны ор­та­лық ау­ру­ха­на­сы" мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­по­рын­ның бас дә­рі­ге­рі, ко­мис­сия тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
3. Еш­ке­нов Ер­тай Ора­зұ­лы
"Көк­су аудан­дық мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау бас­қар­ма­сы" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ба­стығы, ко­мис­сия тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
4. Есмұр­за­нов Әді­л­ға­зы Уа­хи­тұ­лы
іш­кі са­я­сат және әле­умет­тік са­ла бө­лі­мі­нің бас ма­ма­ны, ко­мис­сия хат­шы­сы
Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі:
1. Мұ­қа­нов Бе­рік Мейр­ха­нұ­лы
аудан­дық қар­жы бө­лі­мі­нің ба­стығы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
2. Са­ды­ров Ер­лан Мол­дах­ме­тұ­лы
аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры, по­ли­ция май­о­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
3. Ким Ва­ле­рий Ва­лен­ти­но­вич
"Су құ­бы­ры және ка­на­ли­за­ция" мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­пор­ны­ның ди­рек­тор (ке­лі­сім бой­ын­ша)
4. Ха­са­на­ев Ма­рал Жақ­сы­бай­ұ­лы
аудан­дық бі­лім бө­лі­мі­нің ба­стығы
5. Бей­се­нов Мә­лік Аман­тай­ұ­лы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы Ми­ни­стр­лі­гі Көк­су аумақ­тық бас­қар­ма­сы­ның ба­стығы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
6. Абіш Аль­та­ир Мұх­та­рұ­лы
аудан әкі­мі ап­па­ра­ты­ның тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі бас ма­ма­ны
7. Ра­қым­бе­ков Аман­бек
қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау жө­нін­де­гі ин­спек­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
8. Кә­рі­ба­ев Мыр­за­тай Ауған­бай­ұ­лы
аудан­дық те­ле­ком­му­ни­ка­ция бө­лі­мі­нің ба­стығы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
9. Ах­мет­че­нов Дау­лет­бак Әк­әұ­лы
"Көк­су аудан­дық электр жүй­е­сі" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның пре­зи­ден­ті (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аудан әкімінің
орынбасары
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілдедегі
N 8-38 Қаулысына
2 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссия туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қазақстан Республикасы "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттығы туралы" Заңына сәйкес құрылған эпидемияға қарсы аудандық төтенше комиссия өзінің қызметінде құқылық, маңызды ұйымдастыру шараларын атқарғанда осы Ережені басшылыққа алады.

2

2. Комиссия ведомстволар арасындағы бағыт беруші консультативтік кеңесші орган болып табылады және аудандағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда жұқпалы аурулар індеті енуден және таралудың алдын алу, зақымдану ошағын толық оқшаулау, салдарын жою шараларын жүргізіп, адамдардың жаппай улануына жол бермеу, жануарлардың эпизоотияға шалдықпауы, өсімдіктердің ауруын, аурулардың себептері мен жағдайларын айқындайды және эпидемияға қарсы іс-қимылды қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерді қорғауға дайындық, оны ұйымдастыру мақсатында құрылады.

3 3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен және меншік нысанына қарамастан өнеркәсіптер және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен барлық мүдделі ұйымдармен өз құзыреті шегінде өзара ынтымақтастықта болады.

4

4. Комиссияның негізгі міндеті мекемелермен, ұйымдармен меншік нысанына қарамастан (заңды тұлғалармен) жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін және оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шараларын ұйымдастыру, адамдардың жаппай улануына, жануарлардың эпизоотияға шалдықпауы, зақымдану ошағын толық оқшаулауға, оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шекарасын санитарлық қорғау, карантин арқылы аса қауіпті жұқпалы аурулардың тысқары шығып кетуіне жол бермеу.

2 2. Функциялары және құқықтары

5 5. Ұсынылған тапсырмаларды орындау үшін Комиссияға төмендегі міндеттер жүктеледі:

1 1) адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығу мен улану оқиғаларын болдырмау, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және карантиндік инфекцияларды анықтау және оның таралуына қарсы іс қимылдар шараларын ұйымдастыру;

2 2) азаматтар мен заңды тұлғаларға жұқпалы ауруларға шалдығу мен жаппай улану оқиғаларын болдырмауды ескертіп, қызметті үйлестіру мен әдістемелік басшылық ету;

3 3) эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы барлық мүдделі ұйымдар мен заңды тұлғаларды ұйымдастырып, нақты іс-шаралар өткізу;

4 4) эпидемияға және эпизоотияға қарсы енгізілген және жабылған карантин енгізудің шарттары мен іс-шараларын жүргізу;

5 5) эпидемияға және эпизоотияға қарсы атқарылып жатқан іс-шаралардың жай күйі жөнінде жауапты қызметкерлерді шақырып олардың есептерін тыңдау, қаралған мәселелердің қорытындысын шығарып, жобалардың ұйымдастырылуына, шешімдерін әзірлеуге көмектесу;

6

6) аса қауіпті жұқпалы аурулардың зақымдану ошағын толық оқшалауға төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық құрамаларын құруға ықпал етуді денсаулық сақтау мекемелері үйлестіріп, жұқпалы аурулармен зақымдану ошағын оқшаулауға және оның зардаптарын болдырмауға қарсы денсаулық сақтау мекемелері тұрақты даярлықтағы арнайы медициналық көмек тобын қалыптастыру;

7 7) тұрғындарды аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында денсаулық сақтау және мал дәрігерлік мекемелердегі тұрғындарға медициналық, санитарлық - мал дәрігерлік үгіт-насихат жұмыстарын үйлестіруде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану;

8 8) аса қауіпті аурулардың аудан көлемінде және ауданнан тыс жерлерге таралу салдарын болжау, жіктеудің қорытындысын бақылау;

9 9) адамдар мен жан-жануарларды басқа аумақтарға көшіру, аурулардың зақымдану ошағын оқшаулау, халық өмірі айрықша жағдайға көшірілген карантин арқылы тыйым салу және бақылауды күшейту;

10 10) аудандағы эпидемия мен эпизоотия жайында және аса қауіпті жұқпалы ауруларға шалдығу жағдайлары туралы аудан әкіміне хабарлама беру.

6 6. Комиссия құқықтары:

1 1) адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының жағдайлары туралы орталық жергілікті атқарушы органдардан хабарлар жинау;

2 2) тиісті жергілікті кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұқпалы аурулардың және тамақ өнімдері мен уланудың алдын алу шарттарының орындалуын тексеру туралы уәкілетті органдардың есебін тыңдау;

3 3) адамдарды, жан-жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шаралары карантинді енгізу туралы ұсыныс жасау;

4 4) жұқпалы аурулардың алдын алу, санитарлық профилактикалық, эпидемияға және эпизоотияға қарсы іс-шаралардың орындалу барысы туралы комиссия мәжілістерінде тиісті басшылардың есептерін тыңдау және белгіленген тәртіп бойынша қажет құжаттарды сұрату;

5 5) адамдардың жаппай улануы, жұқпалы ауруларға шалдығуының әрбір жағдайы, эпидемияға, эпизоотияға жол берген кінәлі лауазымды басшыларды әкімшіл және қылмыстық жауаптылыққа тартып, қызметтен босату туралы ұсыныс беру және жинақталған материалдарды тиісті органдарға жіберу;

6 6) жұқпалы аурулардың алдын алу, ауру көрсеткіштерінің төмендеуі адамдардың улану қауіпін болдырмау жөніндегі материалдарда көтерілген мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін аудан әкімиятына ұсыныс беруі.

3 3. Жұмысты ұйымдастыру

7 7. Комиссия ағымдағы және болашақтағы мәселелерді шешу үшін жоспарлы жұмыстар атқарады:

1 1) жұқпалы аурулардың таралуы мен адамдардың улануынан сақтандыру шараларын ұйымдастырады;

2 2) Қазақстан Республика Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұқпалы аурулардан алдын алу мен болдырмау және сақтық іс-шараларын заңды тұлғалардың орындауы туралы комиссия мәжілісі өткізіледі.

8 8. Эпидемия және эпизоотия жағдайына байланысты комиссия қажеттілігіне қарай жоспарланған және кезектен тыс мәжіліс өткізеді және хаттама ретінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды.

9 9. Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы комиссияның ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.

10 10. Комиссия хаттамасы рәсімделіп, үзінділері заңды тұлғалар мен азаматтарға орындау үшін жіберіледі.

Аудан әкімінің
орынбасары

Қолданыстағы