Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Айтекебийского района

Өзге акт · № 165 · қабылданған 29.03.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166020/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Айтекебийского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 165 ·29.03.2022
09.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Айтекебийского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 165 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Айтекебийского района
Атауы (қаз.)
Әйтеке би ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
165
Қабылданған күні
29.03.2022
Көрсетілген редакция
09.10.2023 166020_659796.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22CB00165M
ЭКБ идентификаторы
166020
Редакция идентификаторы
166020_659796
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:53

0 Әйтеке би ауданының елді мекендері аумағындағы

бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әйтеке би ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Әйтеке би ауданында елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" ММ-сі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Әйтеке би аудандық мәслихатының

2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 165 шешіміне 1- қосымша
Әйтеке би ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Әйтеке би ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Әйтеке би ауданы аумағындағы ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6 6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4 тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

24 Әйтеке би аудандық мәслихатының

2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 165 шешіміне 2-қосымша
Әйтеке би ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
р/с №
Әй­те­ке би ауда­ны­ның ел­ді ме­ке­ні­нің ата­уы
Әй­те­ке би ауда­ны­ның ел­ді ме­кен­де­рі ау­ма­ғын­да­ғы жер­гі­лік­ті қо­ғам­да­стық жиы­ны­на қа­ты­су үшін ауыл, кө­ше, көп­пәтер­лі тұр­ғын үй тұр­ғын­да­ры өкіл­де­рі­нің са­ны (адам)
Әйке ауылдық округі
1
Әй­ке ауы­лы (2 учас­ке)
6
2
Те­рең­сай ауы­лы (1 учас­ке)
3
Қарабұтақ ауылдық округі
3
Қа­ра­бұ­тақ ауы­лы (2 учас­ке)
4
4
Жа­ра­өт­кел ауы­лы (1 учас­ке)
1
5
Ен­бек­ту ауы­лы (1 учас­ке)
1
6
Бел­қо­па ауы­лы (1 учас­ке)
1
Темірбек Жүргенов ауылдық округі
7
Те­мір­бек Жүр­ге­нов ауы­лы (4 учас­ке)
8
8
Тал­ды­с­ай ауы­лы (1 учас­ке)
2
Ақтасты ауылдық округі
9
Ақ­та­сты ауы­лы (1 учас­ке)
3
10
То­лы­бай ауы­лы (1 учас­ке)
3
Ақкөл ауылдық округі
11
Ақ­көл ауы­лы (1 учас­ке)
3
Аралтоғай ауылдық округі
12
Арал­то­ғай ауы­лы (2 учас­ке)
6
13
Қи­яқ­ты ауы­лы (1 учас­ке)
1
14
Ұл­ғай­сын ауы­лы (1 учас­ке)
1
15
Ми­лы ауы­лы (1 учас­ке)
1
Тұмабұлақ ауылдық округі
16
Тұ­ма­бұ­лақ ауы­лы (1 учас­ке)
3
17
Са­ры­бұ­лақ ауы­лы (1 учас­ке)
1
Жабасақ ауылдық округі
18
Жа­ба­сақ ауы­лы (3 учас­ке)
7
19
Бай­жан­көл ауы­лы (1 учас­ке)
1
20
Ақ­құм ауы­лы (1 учас­ке)
1
Жамбыл ауылдық округі
21
Жам­был ауы­лы (2 учас­ке)
5
Қайрақты ауылдық округі
22
Қай­рақ­ты ауы­лы (1 учас­ке)
3
Құмқұдық ауылдық округі
23
Құм­құ­дық ауы­лы (3 учас­ке)
9
Қызылжұлдыз ауылдық округі
24
Қы­зы­л­жұл­дыз ауы­лы (1 учас­ке)
3
Сарат ауылдық округі
25
Са­рат ауы­лы (1 учас­ке)
3
Сұлукөл ауылдық округі
26
Сұ­лу­көл ауы­лы (2 учас­ке)
5
Үшқатты ауылдық округі
27
Үш­қат­ты ауы­лы (1 учас­ке)
3

Қолданыстағы