Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра доверенных лиц

Бұйрық · № 5 · қабылданған 29.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166121/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра доверенных лиц Қолданыста Бұйрық ·№ 5 ·29.03.2022
30.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра доверенных лиц

Қолданыста Бұйрық ·№ 5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра доверенных лиц
Атауы (қаз.)
Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
29.03.2022
Көрсетілген редакция
30.08.2023 166121_649902.kaz
Соңғы өзгеріс
30.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027340
ЭКБ идентификаторы
166121
Редакция идентификаторы
166121_649902
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:51

0 Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын

бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 210-1-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті (бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

1 Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілген
Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-1-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу (енгізу және алып тастау) тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Тізілім).

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) сенім білдірілген адам – экономикалық шоғырланудың нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар адам;

2 2) кандидат – кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі тізілімге енгізу үшін ұсынатын, адам.

3 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған.

2 2 тарау. Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу тәртібі

4 4. Монополияға қарсы орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімді қалыптастырады және жүргізеді.

5 5. Тізілімге кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері ұсынатын кандидаттар енгізіледі.

6 6. Кәсіпкерлік субъектілері бірлестігі Тізілімге енгізу үшін монополияға қарсы органға мынадай құжаттарды жолдайды:

1 1) кандидатты Тізілімге енгізу туралы ұсыныс;

2 2) кандидаттың Тізілімге енгізуге жазбаша келісімі;

3 3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4 4) қызметтік тізімі (кандидаттың білімі, жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі).

7 7. Сенім білдірілген адамды Тізілімнен шығару үшін оның Кодекстің 210-1-бабының талаптарын бұзуы негіз болып табылады.

8

8. Сенім білдірілген адамдарды Тізілімге (Тізілімнен) енгізу (алып тастау) туралы шешім монополияға қарсы орган басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен монополияға қарсы органға кандидатты Тізілімге енгізу туралы ұсыным не сенім білдірілген тұлғаның Кодекстің 210-1-бабының талаптарын бұзғаны туралы мәліметтер келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.

9 9. Сенім білдірілген адамды Тізілімге (Тізілімнен) енгізу (алып тастау) туралы ақпарат тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей осы тұлғаға жолданады.

10 10. Тізілім монополияға қарсы органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

1 Сенім білдірілген адамдардың тізілімі

Сенім білдірілген
адамдардың тізілімін
жүргізу қағидасына
Қосымша
Нысан
Сенім білдірілген адамдардың тізілімі

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
Қыз­мет­тік ті­зі­мі (кан­ди­дат­тың бі­лі­мі, жұ­мысы, ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі)
Се­нім біл­ді­рі­л­ген адам­ның жұ­мыс ор­ны
1
2
3
4

Қолданыстағы