Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Косшы

Өзге акт · № 45/11-7 · қабылданған 17.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166138/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Косшы Қолданыста Өзге акт ·№ 45/11-7 ·17.03.2022
17.03.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Косшы

Қолданыста Өзге акт ·№ 45/11-7 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Косшы
Атауы (қаз.)
Қосшы қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
45/11-7
Қабылданған күні
17.03.2022
Көрсетілген редакция
17.03.2022 166138_567000.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22B0027403
ЭКБ идентификаторы
166138
Редакция идентификаторы
166138_567000
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:04

0 Қосшы қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Қосшы қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. Қосшы қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Қосшы қаласы мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 45/11-7 шешіміне
1 қосымша
Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Елді мекеннің, ауылдық округтің атауы
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін орын
Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты
1
Қосшы қаласы
Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңы
Республика көшесі, 3В бастап Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңына дейін.
Шекті толымдылық нормасы - 100 адам

1 Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Қосшы қаласы мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 45/11-7 шешіміне
2 қосымша
Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

1. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

2

2. Егер Заңда және өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушылар мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

3 3. Қосшы қаласында бейбіт жиналыстар өткізуді ұйымдастыру үшін арнайы орындарды шекті толтыру нормалары:

1 1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін орын: Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңы. Шекті толымдылық нормасы - 100 адам;

2 2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Республика көшесі, 3В бастап, Асыл түлік шағын ауданында орналасқан 28 құрылыс алдындағы алаңына дейін. Шекті толымдылық нормасы - 100 адам;

4 4. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға жол берілмейді.

2 Қосшы қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Қосшы қаласы мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 45/11-7 шешіміне
3 қосымша
Қосшы қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Қосшы қаласында келесі объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистралдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистралдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Қолданыстағы