О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление сельского хозяйства Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.
Басқа 9. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына қосымша «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тармақ 1
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыс аумағында бірыңғай аграрлық саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: индекс 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 40.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 2
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру және осы негізде облыс аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың перспективалары мен үрдістерін айқындау;
Тармақша 2
2) нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруға жәрдемдесу, облыста бірыңғай қаржы-инвестициялық саясатты жүргізу;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына өнімді өткізу және жабдықтау бойынша нарықтық орта құруға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, облыс және республика өңірлері бойынша нарық конъюнктурасын, ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттық жеткізу мүмкіндіктерін зерделеу;
Тармақша 5
5) тұқым шаруашылығын дамыту және астық өндіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы, фитосанитариялық қауіпсіздік үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 6
6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жолдары мен әдістерін айқындау және енгізуге жәрдемдесу, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалардан сұрату; Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) міндеттері: экономикалық өсуге және облыстың агроөнеркәсіптік кешені салаларының сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге жәрдемдесу, облыстың азық-түлік нарығын қолжетімді, қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерімен молықтыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді; өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар мен міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне осалдығын бағалауды жүргізу;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды айқындау;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде айқындалған климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігін мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету; 6-1) агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу; 6-2) Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру; 8-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастыру; 8-2) нормативтік құқықтық базаны, баға, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; 8-3) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тауарлық ілгерілету жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) шығарылатын өнім түрлері бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 11
11) өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 12
12) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
Тармақша 13
13) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің саудасы бойынша көтерме базарларды ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізу;
Тармақша 15
15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 16
16) азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламаларына қатысушыларды айқындау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, пестицидтерді және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) асыл тұқымды жануарларды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
Тармақша 20
Тармақша 21
21) облыста азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
Тармақша 22
22) құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
Тармақша 23
23) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру; 23-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде инвестициялық субсидиялау мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 25
25) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
Тармақша 26
26) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
Тармақша 27
27) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
Тармақша 31
31) тиісті жергілікті өкілді органға ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекітуге ұсыну бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 32
32) агроөнеркәсіптік кешен саласына екінші деңгейдегі банктердің инвестициялары мен кредиттерін тарту, бәсекеге қабілетті өндірістердің қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасау, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшу, мамандандырылған мал шаруашылығы шаруашылықтарының өсуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 33
33) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 34
34) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 35
35) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 36
36) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтардың жай-күйі мен дамуы туралы ақпарат беру;
Тармақша 37
37) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
Тармақша 38
38) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөнінде комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 40
40) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) ішкі нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның азық-түлік астығын өткізу кезінде шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру; 41-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру; 41-2) халықты органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету; 41-3) органикалық өнім өндірушілерге олардың өнімдерін өндіру, тиісті облыс аумағында өткізу, сондай-ақ осы өнімді экспортқа ілгерілету мәселелерінде жәрдем көрсету; 41-4) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органға органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарлары тізіліміне енгізу үшін органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсыну;
Тармақша 42
42) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 44
44) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу жатады;
Тармақша 45
45) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектілеріне аттестаттау жүргізу;
Тармақша 46
46) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 47
47) облыс бойынша тұқым балансын жасау;
Тармақша 48
48) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты беру;
Тармақша 49
49) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтандыру және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
Тармақша 50
50) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 51
51) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылау;
Тармақша 52
52) облыс аумағында тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 53
53) заңнамаға сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 54
54) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау: тұқым шаруашылығы саласындағы әрбір аттестатталған субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша; элиталық тұқымдар бойынша – әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін;
Тармақша 55
55) субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
Тармақша 56
56) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 57
57) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 58
58) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде: субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын; тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 59
59) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 60
60) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 61
61) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 62
62) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербцидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 64
64) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті бағалау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 65
65) астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 66
66) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
Тармақша 67
67) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға материалдар дайындау;
Тармақша 69
69) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 70
70) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 71
71) Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез-келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 72
72) тізілім деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
Тармақша 73
73) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
Тармақша 74
74) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
Тармақша 75
75) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
Тармақша 76
76) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 77
77) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 78
78) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 79
79) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 80
80) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
Тармақша 81
81) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 82
82) мыналар: пестицидтерді өндіру (формуляциялау); пестицидтерді өткізу; пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 83
83) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
Тармақша 84
84) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 85
85) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
Тармақша 86
86) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 87
87) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 88
88) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 89
89) облыс аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылау;
Тармақша 90
90) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;
Тармақша 91
91) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 92
92) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау; 92-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің су үнемдейтін суару технологияларын ендіруге жұмсаған шығыстарының бір бөлігін өтеу;
Тармақша 93
93) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 94
94) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
Тармақша 95
95) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін сату үшін коммуналдық базарларда сауда орындарын жеңілдікті шарттармен ұсынуды қамтамасыз ету;
Тармақша 96
96) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 97
97) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 98
98) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 99
99) уәкілетті органға жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;
Тармақша 100
100-1) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер жинауды жүзеге асыру; 100-2) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізу;
Тармақша 101
101) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы петицияларды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау; 101-1) құзыреті шегінде цифрлық құралдарды және цифрландыруды енгізу; 101-2) құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 101-3) құзыреті шегінде инвестицияларды тарту;
Тармақша 102
102) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 3
Тармақ 15
15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Басқарманың бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;
Тармақша 4
4) Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті актілер шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) Басқарма актілеріне қол қояды;
Тармақша 6
6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) шарттар жасасады;
Тармақша 9
9) сенімхаттар береді;
Тармақша 10
10) банк шоттарын ашады;
Тармақша 11
11) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 12
12) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 4
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 162. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы «___»_________ №____ қаулысына 2 қосымша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 169 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 112 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 169 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 77 қаулысы.
Басқа 166. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы «___»_________ №____ қаулысына 3 қосымша Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі