Құжат мәтініне өту

О продолжении сплошного обследования населения области на туберкулез

Өзге акт · № 40 · қабылданған 19.05.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16625/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О продолжении сплошного обследования населения области на туберкулез Күшін жойған Өзге акт ·№ 40 ·19.05.2003
30.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О продолжении сплошного обследования населения области на туберкулез

Күшін жойған Өзге акт ·№ 40 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О продолжении сплошного обследования населения области на туберкулез
Атауы (қаз.)
Облыс тұрғындарын туберкулез ауруына жаппай тексеруден өткізуді жалғастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
19.05.2003
Көрсетілген редакция
30.03.2009 16625_213206.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03T0001531
ЭКБ идентификаторы
16625
Редакция идентификаторы
16625_213206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:21

0 Облыс тұрғындарын туберкулез ауруына жаппай тексеруден өткізуді жалғастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-1 "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"
Заңына
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың
шұғыл шаралары туралы"
қаулысына
, облыс әкімінің 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 30 "Тұрғындарды туберкулез ауруынан жаппай тексеруден өткізуді ұйымдастыру туралы" шешіміне сәйкес, туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерді одан әрі тұрақтандыру және
азайту мақсатына ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы:

1 1) ересек тұрғындарды 15 жастан бастап флюорография әдісімен және 1-15 жас аралығында балаларды туберкулинодиагностика әдісімен жаппай тексеру жұмыстарын жалғастырсын;

2 2) туберкулез ауруына жаппай тексеруді өткізуде медициналық ұйымдардың емдеу алдын-алу қызметін бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз етсін;

3 3) Атырау облыстық коммуналдық меншік басқармасы арқылы ересектерді профилактикалық тексеру мен балаларды туберкулинодиагностикалауға шығын материалдар алу үшін ашық

конкурс өткізсін.

2 2. Атырау облыстық қаржы басқармасы қоса берілген есепке сәйкес қаржыландыруды бюджетке қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.

3 3. Атырау қаласы және аудан әкімдері шалғай елді мекендерге бару үшін жанар-жағар май материалдарын бөлумен тұрғындарды туберкулез ауруына жаппай тексеруді жүргізуде денсаулық сақтау ұйымдарына көмек көрсетсін.

4 4. Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы тұрғындарды туберкулез ауруына жаппай тексеруден өткізуді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

9 Облыстың 15 жасқа дейінгі балаларын туберкулинодиагностикалауға және ересек тұрғындарын флюоро тексеруге байланысты шығындарының бір жылға арналған есебі

139 183 бала (1 ден 15 жасқа дейінгі)
254 640 ересек тұрғын (15 жастан бастап)
______________________________________________________________
Шағын материалдарды |Саны |Құны | Сомасы
| |(теңге)| (мың.теңге)
________________________________|_____|_______|________________
Флюоропленка (Германия) 70х30,5 1200 2950 3540,0
Рентгенпленка (Германия) 30х40 150 7735 1160,2
Рентгенпленка (Германия) 24х30 100 4625 462,5
Рентгенпленка (Германия) 18х24 50 2745 137,3
Кескінді айқындаушы (Германия) 300 1595 478,5
Бекітуші ерінді (Германия) 400 1595 638,0
Шприцтер 164366 3,55 583,5
_______________________________________________________________
Жиынтығы 7000,0
_______________________________________________________________
Денсаулық сақтау
басқармасының бастығы

Қолданыстағы