Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района

Ереже · № 17/5-VII · қабылданған 29.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166255/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района Қолданыста Ереже ·№ 17/5-VII ·29.03.2022
29.03.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района

Қолданыста Ереже ·№ 17/5-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бескарагайского района
Атауы (қаз.)
Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17/5-VII
Қабылданған күні
29.03.2022
Көрсетілген редакция
29.03.2022 166255_567641.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22VG027402
ЭКБ идентификаторы
166255
Редакция идентификаторы
166255_567641
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:52

0 Бесқарағай ауданының

Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

Бесқарағай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 17/5-VII шешіміне
қосымша
Бесқарағай ауданының
Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1

1. Осы Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау тәртібін регламенттейді.

2 2. Құрмет грамотасы маңызды моральдық ынталандырудың бірі, қоғам мен мемлекет алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.

3 3. Құрмет грамотасымен қоғам мен Бесқарағай ауданының алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.

4 4. Құрмет грамотасын Бесқарағай ауданы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдаухаттары негізінде Бесқарағай ауданының әкімі тапсырады.

5 5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатқа еңбек ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар, саяси партиялар, заңды тұлғалар, өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық мүдделерді білдіретін бастамашыл топтар бастамашы бола алады.

Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен өтініштер қаралмайды.

6 6. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Бесқарағай ауданының депутаттары кіреді.

Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.
Бесқарағай ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төраға болып табылады.

7 7. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

8 8. Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

9 9. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

10 10. Бесқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды «Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.

11 11. Қолдаухатта осы Ереженің 3-тармағындағы кандидаттың негізгі өмірбаяндық деректері, сондай-ақ жиналыстың хаттамасынан немесе шешімінен үзінді көшірмесі көрсетіледі және Комиссияның қарауына жіберіледі:

1 1) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы;

2 2) білімі туралы мәліметтер;

3 3) ұйымның жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы және қолдаухат берілген күнгі атқаратын лауазымының толық атауы көрсетіле отырып, жұмыс орны туралы мәліметтер;

4 4) еңбек қызметінің мәліметтері;

5 5) наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер;

6 6) заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған адамдарды қоспағанда, әкімшілік жазалардың және соттылықтың болмауы туралы мәліметтер ұсынылады.

12 12. Құрмет грамотасымен:

Құрмет грамотасына ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар марапатталмайды.

13 13. Құрмет грамотасы:

1 1) тиісінше мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және бланкіге басып шығарылады;

2 2) Бесқарағай ауданының әкімі қол қояды;

3 3) Бесқарағай ауданының әкімі немесе оның уәкілеттік беруі бойынша өзге лауазымды адам салтанатты жағдайда тапсырады.

14 14. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда телнұсқасы берілмейді.

15 15. Құрмет грамотасының бланкілері мен оның папкасын дайындау Аппаратпен қамтамасыз етіледі.

Қолданыстағы