Об утверждении Положения о семье в детских деревнях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о семье в детских деревнях
- Атауы (қаз.)
- Балалар ауылындағы отбасы туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 07.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2025 166279_752322.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027504
- ЭКБ идентификаторы
- 166279
- Редакция идентификаторы
- 166279_752322
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:39
0 Балалар ауылындағы отбасы туралы ережені бекіту туралы
«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 140 Бұйрығымен
бекітілген
Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Балалар ауылындағы отбасы туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi – Заң) 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi.
2 2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғым қолданылады:
1 1) балалар ауылындағы отбасы – балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге ықпал етуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиешi ана, тәрбиеленушiлер).
3
3. Балалар ауылдарындағы отбасының қызметі балалардың мүддесі үшін ұйымдастырылады және оларды әлеуметтік қорғауға және бейімдеуге бағытталған, сондай-ақ баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыруды, баланың ақыл-ой, эмоционалды және физикалық дамуына ықпал ететін отбасына жақын қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
4
4. Отбасы мен балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң өзара қарым-қатынастары «Отбасы үлгісіндегі балалар мен жасөспірімдер ауылдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1629 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 583 бұйрық) Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ережеге сәйкес анықталады.
2 2 тарау. Балалар ауылдарында отбасын ұйымдастыру тәртібі
5
5. Балалар ауылдарындағы отбасында он сегіз жасқа дейінгі тәрбиеленушілер, сондай-ақ жасөспірімдер үйлерінен балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілерінің белгілі бір кезеңде тұруы үшін тұрады және тәрбиеленеді.
6 6. Баланы балалар ауылдарындағы отбасына беру оның этникалық шығу тегі, белгілі бір дін мен мәдениетке жататындығы, Ана тілі, тәрбиелеу мен оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескеріле отырып, баланың мүдделеріне негізделе отырып жүзеге асырылады.
7
7. Балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдары тәрбиеленушілерінің белгілі бір кезеңде тұруы үшін балалар ауылдарындағы балалардың жалпы саны он сегіз жасқа дейінгі жетіден онға дейінгі тәрбиеленуші баланы, сондай-ақ жасөспірімдер үйлерінен балаларды құрайды.
8 8. Балалардың отбасында балалар ауылдарының болуы олардың туған отбасына оралуына, асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге, баланы қабылдайтын отбасына берілуіне кедергі болмайды.
9 9. Балалар ауылдарында Балаларды отбасында күтіп-бағуды және тәрбиелеуді тәрбиеші ана № 583 бұйрықпен бекітілген балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы үлгілік шартқа сәйкес жүзеге асырады.
10 10. Балаларды балалар ауылында отбасына беру тәрбиеші ана мен бала (балалар) арасында алименттік және тұқым қуалаушылық құқықтық қатынастардың туындауына әкеп соқпайды.
11
11. Тәрбиешi ана қызметке № 583 бұйрығымен бекітілген Балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші аналарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі туралы ереже негiзiндегi конкурстық iрiктеудiң нәтижесiнде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы әкiмшiлiгi басшысының бұйрығымен тағайындалады.