Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к физическим и юридическим лицам, осуществляющим деятельность по применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигиационным способами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к физическим и юридическим лицам, осуществляющим деятельность по применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигиационным способами
- Атауы (қаз.)
- Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 833
- Қабылданған күні
- 19.08.2003
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI16635_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000833_
- ЭКБ идентификаторы
- 16635
- Редакция идентификаторы
- AI16635_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:02
0 Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды
2 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензия беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 26-жол, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;
"пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";
көрсетілген қаулымен бекітілген санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлім мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
"25-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлім мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:
"21-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет".
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
6 Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
N 833 қаулысымен
бекітілген
Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары