Құжат мәтініне өту

О пруденциальных нормативах для финансового агентства и порядке утраты статуса финансового агентства

Қаулы · № 251 · қабылданған 24.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16655/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О пруденциальных нормативах для финансового агентства и порядке утраты статуса финансового агентства Күшін жойған Қаулы ·№ 251 ·24.07.2003
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О пруденциальных нормативах для финансового агентства и порядке утраты статуса финансового агентства

Күшін жойған Қаулы ·№ 251 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О пруденциальных нормативах для финансового агентства и порядке утраты статуса финансового агентства
Атауы (қаз.)
Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
251
Қабылданған күні
24.07.2003
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI16655_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002449_
ЭКБ идентификаторы
16655
Редакция идентификаторы
AI16655_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:06

0 Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының18-бабының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Қаржы агенттіктері үшін мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:

1 1) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері - кем дегенде 1 миллиард теңге;

2 2) меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті - кем дегенде 0,08.

2 2. Меншікті капиталдың мөлшерін, меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу тәртібі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалады деп белгіленсін.

3 3. Қаржы агенттіктерінің пруденциалдық нормативтерді сақтауын бақылауды бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

4

4. Пруденциалдық нормативтердi сақтауы мақсатында қаржы агенттігі есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың он бесінші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ресiмделген есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың бiрiншi күнiнiң басындағы жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердi сақтау туралы мәлiметтердi, сондай-ақ бухгалтерлiк баланс және пайда мен зиян туралы есеп электрондық және қағаз тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынады;
Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.
Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта қаржы агенттігінің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ қаржы агенттігінде сақталады.
Қаржы агенттігі уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін банктің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.

4-1 4-1. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, қаржы агенттігі есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.

Қаржы агенттігі ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында қаржы агенттігіне хабарлайды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.

4-2

4-2. Пруденциалдық нормативтер мәндері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі сәйкессіздік анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, пруденциалдық нормативтерді сақтамау фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Қаржы агенттiгiнiң өтiнiшi бойынша пруденциалдық нормативтердiң мәндерiн осы қаулының талаптарына сәйкес келтiру жөнiнде оларға берiлген жоспар негiзiнде қаржы агенттiгiне құқық бұзушылықтарды жою үшiн қырық бес күннен аспайтын мерзiм берiлуi мүмкiн.

5 5. Уәкілетті орган қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешімді мынадай жағдайлардың бірі басталған фактісі анықталғаннан кейін бір ай ішінде:

1 1) қаржы агенттігі қаржы агенттігі ұғымына немесе қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;

2 2) осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтер бір жыл ішінде орындалмаған жағдайда қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешім қабылдайтыны белгіленсін.

6 6. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

8 8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

17 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қаржы агенттігі үшін
пруденциалдық нормативтер
және қаржы агенттігі мәртебесін
жоғалту тәртібі туралы"
2003 жылғы 25 шілдедегі
№N 251 қаулысына
1-қосымша
1. Меншікті капитал:
жарғылық капиталдың сомасын (алынып тасталған капиталды шегере отырып), өткен жылдардың таза кірісі, сондай-ақ басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) алып тастағанда өткен жылдардың бөлінбеген таза кірістері есебінен қалыптасқан қорлар мен резервтерді білдіреді.
2. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) қоспағанда, активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомаларына меншікті капиталдың қатынасы ретінде есептеледі.

18 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қаржы агенттігі үшін
пруденциалдық нормативтер
және қаржы агенттігі мәртебесін
жоғалту тәртібі туралы"
2003 жылғы 25 шілдедегі
№N 251 қаулысына
2-қосымша
200____ "____" ___________
пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтер
_______________________________________________
(қаржы агенттігінің атауы)
мың теңге
___________________________________________________________________
Құрамдас бөліктерінің атауы                   | Мәні
___________________________________________________________________
Жарғылық капитал (алынып тасталған капиталды
шегере отырып)
Өткен жылдардың таза кірісі есебінен
қалыптасқан қорлар мен резервтер
Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі
Басқа заңды тұлғалардың акцияларына салынған
сома (жарғылық капиталда қатысу үлесі)
Меншікті капиталдың жиынтығы
Активтер
Шартты және ықтимал міндеттемелер
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті
(кем дегенде 0,08)
___________________________________________________________________
Бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________   _________ [мөрі]
(аты-жөні)           (қолы)
Бас бухгалтер _________________   ___________
(аты-жөні)          (қолы)
Орындаушы _____________________   ____________
(аты-жөні)         (телефоны)

Қолданыстағы