Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 110 · қабылданған 16.04.2022
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166592/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған 15.06.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан

Мәртебесі расталмаған Бұйрық № 110 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкету мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
110
Қабылданған күні
16.04.2022
Көрсетілген редакция
15.06.2022 166592_578692.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027608
ЭКБ идентификаторы
166592
Редакция идентификаторы
166592_578692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:26
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының аумағынан

жекелеген тауарларды әкету мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 15 маусымға дейін қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

1 Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110
бұйрығына 1-қосымша
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) астық нарығы жөніндегі оператор (бұдан әрі – оператор) – астық нарығындағы тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;

2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтініш беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

3) тауар – осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.

4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері.

2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі

3. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттарды беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған «e-аgrіculture» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.

4. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін ББАЖ АЖ-да тауарлардың түрлері бойынша квота көлемінің сандық лимиті қалыптастырылады.

5. Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге астық қабылдау кәсіпорындарына астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде астық қолхатын сатуға/сатып алуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге мәлімделген бидай көлемінің 10 (он) пайызын тіркелген баға бойынша операторға өткізген өтініш берушілер жіберіледі.

6. Оператор күн сайын уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге экспортқа мәлімделген жұмсақ бидай көлемінің (Triticum aestivum L. 3-сыныпты) 10 (он) пайызын тіркелген баға бойынша өткізген өтініш берушілердің тізбесін жібереді.

7. Жұмсақ бидай тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары (Triticum aestivum L. 3 сынып) www.gov.kz Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады (бұдан әрі-интернет-ресурс).

8. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін өтініш берушілер арасында бөлу тауардың әрбір түрі бойынша квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады, содан кейін уәкілетті орган фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартады.

9. Квотаның қолданылу кезеңінде жұмсақ бидайды әкетуге рұқсат етілген лимит бір өтініш берушіге 50 (елу) мың тоннаны, ұн – 10 (он) мың тоннаны құрайды.

10. Уәкілетті орган күн сайын интернет-ресурста мынадай ақпаратты орналастырады:

1) тауардың әрбір түрі бойынша берілген квота көлемінің саны;

2) тауардың әрбір түрі бойынша бөлуге жататын квотаның қолжетімді көлемі.

2 Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
Та­у­ар­дың ата­уы*
Кво­та мөл­ше­рі, тон­на
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі
1001
Би­дай және меслин
1 000 000
2022 жы­л­ғы 15 мау­сым­ға дей­ін
1101 00
Би­дай ұны неме­се қа­ра би­дай ұны
300 000