Құжат мәтініне өту

О корректировке базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 14/124-VII · қабылданған 30.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166632/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О корректировке базовых ставок земельного налога Қолданыста Өзге акт ·№ 14/124-VII ·30.03.2022
29.09.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О корректировке базовых ставок земельного налога

Қолданыста Өзге акт ·№ 14/124-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О корректировке базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/124-VII
Қабылданған күні
30.03.2022
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2023
Көрсетілген редакция
29.09.2022 166632_598040.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22E0027553
ЭКБ идентификаторы
166632
Редакция идентификаторы
166632_598040
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:50

0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505, 506 және 510- баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:

1, 2, 3 аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 50 (елу) пайызға арттырылсын;
4 аймақта орналасқан жерлер үшін автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 40 (қырық) пайызға арттырылсын;
5, 6, 7-аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 бабына сәйкес бекітілген базалық мөлшерлемелері қалдырылсын;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-аймақтарда ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер үшін 50 (елу) пайызға төмендетілсін.

2 2. «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/627-6с шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №126 болып тіркелген).

3 3. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы