Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики по определению критериев инновационности проектов

Бұйрық · № 113/НҚ · қабылданған 11.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166665/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Методики по определению критериев инновационности проектов Қолданыста Бұйрық ·№ 113/НҚ ·11.04.2022
11.04.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики по определению критериев инновационности проектов

Қолданыста Бұйрық ·№ 113/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики по определению критериев инновационности проектов
Атауы (қаз.)
Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
113/НҚ
Қабылданған күні
11.04.2022
Көрсетілген редакция
11.04.2022 166665_581997.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027609
ЭКБ идентификаторы
166665
Редакция идентификаторы
166665_581997
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:33

0 Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау

жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабының 2-тармағының 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістеме

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 113/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістеме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) жобаның инновациялылығын не оның болмауын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1 бабының 2-тармағының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1

1) инновация - әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімді болған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) немесе алдыңғы өнімдерге немесе процестерге қарағанда бәсекеге қабілеттілікті және салыстырмалы артықшылықты қамтамасыз ететін пайдалануға берілген процесс түріндегі инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген нәтижесі;

2 2) инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) - белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын, инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;

3 3) инновациялық қызмет - инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

4

4) инновациялылық - жаңа немесе едәуір жақсартылған өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді), технологияларды немесе процестерді оларды одан әрі енгізуді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып жасау жолымен қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталу.

2 2-тарау. Инновациялық жобалардың өлшемшарттарын айқындау

3 3. Жобада инновациялылықтың болуы келесі өлшемшарттар бойынша айқындалады:

1 1) жобаны іске асыру қорытындылары бойынша әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімді болған жаңа немесе жетілдірілген өнімді (тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті) немесе пайдалануға берілген және тұтынушыға жеткізілген процесті енгізу;

2 2) кәсіпорынның алдыңғы өнімдеріне немесе процестеріне қарағанда салыстырмалы технологиялық және/немесе қаржы-экономикалық артықшылықтың болуына жобаны іске асыру қорытындылары бойынша нарықта жаңа немесе жетілдірілген өнімнің немесе процестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

3 3) жоба шеңберінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау, қорытынды нәтижесі жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен процестерді жасау болып табылатын ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу;

4 4) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнім және зияткерлік меншік объектілері түрінде жобаны орындау нәтижелерін сәйкестендірудің болуы;

5 5) кәсіпорын деңгейінде сатып алынатын жабдықтың, технологиялық процестің немесе технологияның жаңашылдығының болуы.

4

4. Жобалардың осы Әдістеменің 3-тармағында белгіленген инновациялылық өлшемшарттарының біріне сәйкестігін айқындау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-7-бабына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде жүргізу көзделген сараптама шеңберінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы