Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности

Бұйрық · № 112/НҚ · қабылданған 11.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166668/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 112/НҚ ·11.04.2022
31.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 112/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки эффективности реализации мер государственной поддержки инновационной деятельности
Атауы (қаз.)
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
112/НҚ
Қабылданған күні
11.04.2022
Көрсетілген редакция
31.07.2024 166668_739272.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027610
ЭКБ идентификаторы
166668
Редакция идентификаторы
166668_739272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:34

0 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-6-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 112/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемеcі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-6-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) инновациялық жоба – белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын, инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені.

2

2) инновациялық жүйенің субъектілері (бұдан әрі – инновациялық жүйенің субъектілері) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті өзге де заңды тұлғалар;

3 3) инновациялық қызмет субъектілері (бұдан әрі – қатысушы) – инновациялық жобаларды іске асыратын жеке, заңды тұлғалар, жай серіктестер;

4

4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

5

5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау – бұдан әрі – тиімділікті бағалау) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясатты және нысаналы технологиялық саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін белгілеу тәсілі.

3 3. Тиімділікті бағалау объектілері уәкілетті орган, сондай-ақ инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын инновациялық жүйе субъектілері ұсынған мемлекеттік қолдау шараларынан алынған нәтижелер болып табылады.

2 2-тарау. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары

4 4. Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына:

1 1) инновациялық гранттар беру;

2 2) венчурлік қорларды бірлесіп қаржыландыру жатады.

5 5. Инновациялық гранттар технологияларды коммерцияландыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға үш бағыт бойынша беріледі.

3 3-тарау. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне бағалау жүргізудің тәртібі

6 6. Инновациялық гранттар беру бойынша беру мен іске асырудың тиімділігін бағалау аяқталған инновациялық жобаларға қатысты жүзеге асырылады.

7 7. Тиімділікті бағалау жыл қорытындысы бойынша бір рет сандық бағалау әдісімен жүргізіледі.

Тиімділікті бағалау үшін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері ұсынатын осы Әдістемеге қосымшаға (бұдан әрі – қосымша) сәйкес нысан бойынша есептілік өлшемшарттары бойынша балл беру әдісі пайдаланылады.
Тиімділікті бағалау осы Әдістеменің 2-тарауында көзделген мемлекеттік қолдау түрлерінің біріне қатысты жүргізіледі.
Мемлекеттік қолдаудың әрбір шарасының форматы қосымшаға сәйкес белгілі бір өлшемдер санын қамтиды.
Қатысушылар арасында балл белгілеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
мұнда:
Iq – өткен жылдың тиісті жылына (кезеңіне) есепті жылдың (кезеңнің) индексі;
Зе – есепті жылдың мәні;
Зөж – есепті жылға өткен жылдың мәні.
Мемлекеттік қолдау шарасы шеңберінде әрбір өлшемшарт бойынша нөлден үшке дейінгі балл беріледі.
Балл үш өлшемді шкала бойынша нақты өлшемшарттың маңыздылығын келесідей анықтайды:
мына мән бойынша 0 балл беріледі:
«Iq» <10 %, өткен жылмен салыстырғанда бөлінген бюджет қаражатының сомасы сақталған кезде қолданылады. Көрсеткішті 10 %-дан кем төмендету бойынша талдауды және дәлелді негіздемелерді қамтитын ақпарат ұсынылған жағдайда 1 балл беріледі;
мынадай мән бойынша 1 балл беріледі:
«Iq» 10 % < 40 % диапазонында болса;
2 балл беріледі, мынадай мән бойынша:
«Iq» 40 % < 100 % диапазонында болса;
3 балл беріледі, мынадай мән бойынша:
«Iq» < 100 %.
Мемлекеттік қолдау шарасы есепті жылы немесе есепті жылға өткен жылы алғаш рет ұсынылуына байланысты мемлекеттік қолдау шарасы бойынша есептік деректер (есепті жылдың немесе есепті жылдың алдыңғы жылының мәні) болмаған кезде, осы құрал бойынша тиімділікті бағалау ағымдағы жылы жүргізілмейді.

8 8. Мемлекеттік қолдау шарасының тиімділік индексі үш балдық шкала бойынша өлшенеді, мұнда:

мұнда:
S – Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділік индексі;
– балдар сомасы;
N – өлшемшарттар саны.
Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділік индексі үш балдық шкала бойынша өлшенеді, мұнда
мемлекеттік қолдау шарасының тиімділік индексінің мәні 2-ден 3-ке дейінгі диапазонда ұсынылған кезде шарадан тиімділіктің жоғары деңгейін білдірсе;
1-ден 2-ге дейінгі диапазондағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділік индексінің мәні ұсынылған кезде шарадан тиімділіктің орташа деңгейін білдірсе;
мемлекеттік қолдау шарасының тиімділік индексінің мәні 0-ден 1-ге дейінгі диапазонда ұсынылған кезде шарадан тиімділіктің төмен деңгейін білдіреді.

9

9. Тиімділікті бағалаудың венчурлік қорларын бірлесіп қаржыландыруға арналған қорытынды есептілік осы Әдістемеге қосымшаның 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 105-1-бабының 3-тармағына сәйкес салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ысырабы ескеріле отырып, ұзақ мерзімді перспективада осындай венчурлік қорлар активтерінің (бүкіл портфелінің) кірістілігі (залалдылығы) негізінде жүзеге асырылады.

10 10. Тиімділікті бағалау туралы ақпаратты инновациялық жүйе субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей қалыптастырады және осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға және инновациялық обсерваторияға ұсынады.

11 11. Уәкілетті орган тиімділікке бағалау жүргізу туралы тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей енгізеді.

12 12. Осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген ақпаратта уәкілетті орган инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың бағаланатын шарасын одан әрі жетілдіру және іске асыруды жалғастыру не одан әрі қаржыландыруды тоқтату туралы ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді.

13 13. Инновациялық қызметтің тиімділігіне жүргізілген бағалау қорытындылары инновациялық қызметті дамыту саласындағы ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.

1 Есептілік өлшемшарттары бойынша балдарды беру әдісі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 112/НҚ
Инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау шараларын іске асырудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
қосымша
Нысан
Есептілік өлшемшарттары бойынша балдарды беру әдісі
1-кесте
Технологияларды коммерцияландыру үшін қорытынды есептілік нысаны
1. Тех­но­ло­ги­я­лар­ды ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған ин­но­ва­ци­я­лық грант
Ин­но­ва­ци­я­лық грант ал­ған аяқ­тал­ған жо­ба­лар бой­ын­ша бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі, мың тең­ге
1-өл­шем­шарт
балл
2-өл­шем­шарт
балл
Ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар ал­ған ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны, бір­лік
Өн­ді­ріс іс­ке қо­сы­л­ған­нан кей­ін шы­ға­ры­л­ған өнім мен қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі, мың тең­ге
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
ее­сеп­ті жыл
Ее­сеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
Кестенің жалғасы
1. Тех­но­ло­ги­я­лар­ды ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған ин­но­ва­ци­я­лық грант
3-өл­шем­шарт
балл
4-өл­шем­шарт
Балл
Ббалл со­ма­сы
Тех­но­ло­ги­я­лар­ды ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар бой­ын­ша жо­ба­лар­дың жал­пы са­нын­да­ғы ком­мер­ци­я­лан­ды­ры­л­ған жо­ба­лар­дың үле­сі*, %-да
Жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры, бір­лік
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
ее­сеп­ті жыл
Бар­лы­ғы:
2-кесте
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға арналған қорытынды есептілік нысаны
2. Жұ­мыс іс­теп тұр­ған кә­сі­по­рын­дар­ды тех­но­ло­ги­я­лық да­мы­ту­ға және са­ла­лар­ды тех­но­ло­ги­я­лық да­мы­ту­ға ин­но­ва­ци­я­лық грант
Ин­но­ва­ци­я­лық грант ал­ған аяқ­тал­ған жо­ба­лар бой­ын­ша бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі, мың тең­ге
1-өл­шем­шарт
Ббалл
2-өл­шем­шарт
Ббалл
Ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар ал­ған ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі­нің са­ны, бір­лік
Өн­ді­ріс іс­ке қо­сы­л­ған­нан кей­ін шы­ға­ры­л­ған өнім мен қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі, мың тең­ге
Ее­сеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
Кестенің жалғасы
2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант
3-өлшемшарт
Ббалл
4-өлшемшарт
Ббалл
Балл сомасы
Инновациялық гранттарға бөлінген мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне тартылған жеке инвестициялар көлемі**, теңге
Жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша құрылған жұмыс орындары, бірлік
есепті жылдың алдыңғы жылы
есепті жыл
есепті жылдың алдыңғы жылы
есепті жыл
Барлығы:
Ескертпе:
Есептеу кезінде қызмет алушының (грант алушының) бастамасы бойынша немесе сот тәртібімен шарттар бұзылған инновациялық гранттардың жобалары есепке алынбайды.
* – K = E /F×100%, мұнда:
K – Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар бойынша жобалардың жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі (екінші және үшінші кезеңдер);
E – инновациялық гранттар беру жөніндегі бағдарлама шеңберінде өнім коммерцияландырылатын жобалар саны;
F – инновациялық гранттар беру жөніндегі бағдарлама шеңберінде аяқталған жобалардың саны.
** – X = Y /Z, мұнда:
X – инновациялық гранттар беру жөніндегі бағдарлама шеңберінде берілетін мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне тартылған жеке инвестициялардың жалпы көлемі;
Y – инновациялық гранттар беру жөніндегі бағдарлама шеңберінде жоба бойынша грант алушы / инвестор тарапынан қоса қаржыландырудың жалпы көлемі;
Z – «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы беретін жоба бойынша бюджет қаражатының жалпы көлемі.
3-кесте
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға және салаларды технологиялық дамытуға арналған қорытынды есептілік нысаны
1. Вен­чур­лік қор­лар­ды бір­ле­сіп қар­жы­лан­ды­ру (қор­дың ин­ве­сти­ци­я­лық ке­зе­ңін­де)
Вен­чур­лік қор­лар­ды бір­ле­сіп қар­жы­лан­ды­ру үшін бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі, мың тең­ге
1-өл­шем­шарт
ББалл
2-өл­шем­шарт
ББалл
Балл со­ма­сы
Мем­ле­кет­тік қол­дау есе­бі­нен қо­са қар­жы­лан­ды­ру­дың вен­чур­лік қор­ла­ры­ның са­ны (жи­нақ­та­у­мен), бір­лік
Вен­чур­лік қор­лар­ға сырт­қы ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту (жи­нақ­та­у­мен)*
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
Бар­лы­ғы:
2. Ин­но­ва­ци­я­лық жо­ба­лар­ды ин­ве­сти­ци­я­лау (қор­дың ин­но­ва­ци­я­лық ке­зе­ңін­де)
Вен­чур­лік қор­лар­ды бір­ле­сіп қар­жы­лан­ды­ру үшін бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі, мың тең­ге
1-өл­шем­шарт
ББалл
2-өл­шем­шарт
Балл
Қор­лар­дың вен­чур­лік ин­ве­сти­ци­я­сын ал­ған ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі­нің (стар­тап­тар) са­ны, бір­лік
Ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­ріне (стар­тап­тар­ға) са­лын­ған қор қа­ра­жат­та­ры­ның кө­ле­мі, мың тең­ге
Бал­дар со­ма­сы
есеп
ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
Бар­лы­ғы:
3. Ин­но­ва­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру (пост-ин­ве­сти­ци­я­лық ке­зең)
Вен­чур­лік қор­лар­ды бір­ле­сіп қар­жы­лан­ды­ру үшін бө­лін­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі, мың тең­ге
1-өл­шем­шарт
ББалл
2-өл­шем­шарт
Ббалл
Ин­ве­сти­ци­я­лар­ға қай­та­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті (Distributions to Paid-in Capital) (жи­нақ­та­у­мен), мәні **
Са­лын­ған ка­пи­тал­ға жиын­тық құн­ның ко­эф­фи­ци­ен­ті (Total Value to Paid-in Capital), мәні ***
Балл со­ма­сы
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
есеп­ті жыл­дың ал­дың­ғы жы­лы
есеп­ті жыл
Бар­лы­ғы:
Ескертпе:
* Сыртқы көздер тарапынан инвестициялар сомасы (стратегиялық серіктестер, қаржы институттары, жеке инвесторлар) / инновациялық жүйенің субъектілері тарапынан инвестициялар сомасы. Бұл мәндер жинақтау әсерімен есептеледі.
** DPI = Distribution / Paid-In Capital, мұнда:
DPI – Инвестицияларға қайтару коэффициенті (Distributions to Paid-in Capital).
Distribution – инновациялық жүйенің субъектілерінің атына қайтарылған инвестициялардың жалпы көлемі, мың теңге.
Paid-In Capital – инновациялық жүйенің субъектілері тарапынан қорға салынған инвестициялардың жалпы көлемі, мың теңге.
***TVPI = Total Value / Paid-In Capital, мұнда:
TVPI – салынған капиталдың жиынтық құны (Total Value to Paid-in Capital).
Total Value – қордың сатылған және қалдық активтерінің жалпы сомасы.
Paid-In Capital – инновациялық жүйенің субъектілері тарапынан қорға салынған инвестициялардың жалпы көлемі, мың теңге.

Қолданыстағы