О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 15.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2022 166681_569778.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027624
- ЭКБ идентификаторы
- 166681
- Редакция идентификаторы
- 166681_569778
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:27
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеп-тексерулер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 8 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1 1. «Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12593 болып тіркелген).
2
2. «Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 149 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15085 болып тіркелген).
3
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № 276 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15447 болып тіркелген).
4
4. «Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 13 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20079 болып тіркелген).