Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 201 · қабылданған 12.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166756/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 201 ·12.04.2022
12.04.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 201 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
201
Қабылданған күні
12.04.2022
Көрсетілген редакция
12.04.2022 166756_570940.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027651
ЭКБ идентификаторы
166756
Редакция идентификаторы
166756_570940
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:32

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар,
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі № 201
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.«Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін өтініш беруші www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Стандартта жазылған.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде-өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыны зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – Акт) өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды және пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады. Зерттеп-қарау актісіне Комиссия мүшелері қол қояды, ол жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру үшін негіз болып табылады және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Актіні алғаннан кейін уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығына куәлік беруді жүзеге асырады.
16. Уәкілетті ұйым Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
22. Өтініш берушінің шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
1) уәкілетті ұйымның - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.»;
23. Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасалған лауазымды адам оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген;
2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы шағым берген өтініш берушіге жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында:
7, 8 және 8-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өтініш беруші «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті бастапқыда алу үшін өтініш беруші www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 40 (қырық) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын жібереді.
Куәлікті кезекті алу үшін өтініш беруші осы тармақта көзделген тәртіппен өтінімді және өзгерістер мен жаңартулар болған Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
8. Өтініш беруші барлық қажетті электрондық құжаттарды портал арқылы берген кезде-өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
8-1. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, әуе кемесінің шуыл бойынша сертификаты, радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсаттарын уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды өтініш берушіден талап етуге жол берілмейді.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті ұйым өтінім беруші ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың сәйкестігіне 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
10. Құжаттар Стандарттың 8-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы өтінім бойынша шешім қабылдайды.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) сертификаттық зерттеп-қарау актісі оң болған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті ресімдейді;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.»;
19-1, 19-2 және 19-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
19-2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25 - бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің шағымы:
1) уәкілетті ұйымның шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
19-3. Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген;
2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

3

3. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1061 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы:
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
11. «Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталына өтінімді жібереді.
12. Өтінімге осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, шу бойынша әуе кемесі туралы мәліметтерді, радиохабар беру аппаратурасын пайдалануға рұқсатты уәкілетті ұйым «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді береді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Пайдаланушы сертификатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындысы бар сертификаттық зерттеп-қарау актісі негіз болып табылады.
Уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын ресімдеуді және беруді жүргізеді немесе теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін Стандарттың 9-тармағында келтірілген жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық зерттеп-қарау тексеру актісі негіз болып табылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Өтініш берушінің шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
уәкілетті ұйымның оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген;
2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.».
1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

1.1 Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» АҚ
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ция пай­да­ла­ну­шы) (бұ­дан әрі - ку­ә­лік) бе­ру – 60 (ал­пыс) жұ­мыс кү­ні;
ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы ) (бұ­дан әрі - ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы) бе­ру - 2 (екі) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы) неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы:
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал­дың - тәу­лік бойы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс күн­де­рі және ме­ре­ке күн­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) уәкі­лет­ті ұй­ым­ның - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік алу үшін (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ция пай­да­ла­ну­шы­сы):
1) мы­на­дай құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім:
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Ке­ңе­сі­нің қа­улы­сы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның 6-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ұшу­ды жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың элек­трон­дық кө­шер­ме­сі;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Ке­ңе­сі­нің қа­улы­сы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның 6-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­теу жө­нін­де­гі пай­да­ла­ну­шы­ның нұс­қа­улы­ғы неме­се тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ұй­ым­ға ар­нал­ған шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) ұшу­ды қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған шар­ттар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
5) пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
6) пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­рі­нің жо­ба­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
7) әуе ке­ме­сін эки­паж­сыз жал­ға алу шар­тта­ры­ның (ке­лі­сім­шар­ттың) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (жал­ға алын­ған әуе ке­ме­сі болған жағ­дай­да).
Же­ке тұл­ға құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де қо­са бе­ре оты­рып, осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім ұсы­ны­ла­ды.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін уа­кі­лет­ті ұй­ым­ның ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі (қа­жет болған жағ­дай­да) ар­қы­лы ала­ды.
Ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын алу үшін көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­мін, қа­жет­ті негіз­де­ме­ні және бұ­рын бе­рі­л­ген ку­ә­лік­ті қо­са бе­ре­ді.
Өті­ніш бе­ру­ші бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы өті­ніш бе­ру­ші­нің «же­ке ка­би­не­тіне» бер­ген жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу кү­ні мен уа­қы­тын көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін өті­ніш бе­ру­ші ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­луы
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
Ми­ни­стр­лік­тің - www. miid. gov. kz ин­тер­нет- ре­сур­ста­рын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған;
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бо­ла­ды.
Өті­ніш бе­ру­ші­нің пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414 және 8 800 080 7777 не Ми­ни­стр­лік­тің мы­на­дай те­ле­фон­да­ры бой­ын­ша 8 (7172) 75-48-41

1.2 «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2 – қосымша
Пайдаланушыны
авиациялық жұмыстарға рұқсат
беру қағидаларына
2-қосымша
«Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Пор­тал
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Авиа­ци­я­лық жұ­мыстар­ды орын­дау құқы­ғы­на ар­нал­ған ку­ә­лік бе­ру – 40 (қы­рық) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Авиа­ци­я­лық жұ­мыстар­ды орын­дау құқы­ғы­на ар­нал­ған ку­ә­лік бе­ру (ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы) неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Алым­ды тө­леу «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 554-ба­бы 7-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (Са­лық ко­дек­сі).
Алым­ды тө­леу қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (өті­ніш бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­нім­дер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) уәкі­лет­ті ұй­ым - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс 13-00-ден 14-30-ға дей­ін.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Өті­ніш бе­ру­ші (неме­се се­нім­хат бой­ын­ша оның уәкі­лет­ті өкі­ліне) жү­гін­ген кез­де мы­на­дай құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды: ба­стап­қы ку­ә­лік­ті алу үшін:
1) өті­нім;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­сет­ке­ні үшін тө­лем­ді рас­тай­тын мә­лі­мет­тер;
3) ұшу­ды жүр­гі­зу жө­нін­де нұс­қа­улық;
4) тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­теу жө­нін­де­гі пай­да­ла­ну­шы­ның нұс­қа­улы­ғы;
5) әуе ке­ме­ле­ріне тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бағ­дар­ла­ма­сы (ре­гла­мен­ті);
6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру түр­ле­рі ту­ра­лы заң­да­ры­на сәй­кес пай­да­ла­ну­шы­ның аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру­дың сақ­тан­ды­ру по­ли­сте­рі­нің кө­шір­ме­ле­рі;
7) пай­да­ла­ну­шы­ның бас­шы­сы бе­кі­те­тін Әуе ке­ме­ле­рін бо­яу үл­гі­ле­рі мен мәт­ін­дік си­патта­ма­сы;
8) пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік бағ­дар­ла­ма­сы;
9) ку­ә­лік­ті ке­зек­ті алу үшін: өті­ніш бе­ру­ші осы жол­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­мен бір­ге өзге­рі­стер мен жа­ңар­ту­лар болған өті­нім­ді ұсы­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­дің Заң­ның 16-ба­бы­ның 7-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
2) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) заң­ды кү­шіне енуі.
3) пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­ци­я­лық жұ­мыстар­ға рұқ­са­тын алу үшін өті­ніш бе­ру­ші ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
4) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты оған осы қыз­мет тү­рін көр­се­ту­ге тый­ым са­ла­тын сот ше­ші­мі болған жағ­дай­лар­да тоқ­та­ты­ла­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі­ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мы­на­дай:
Ми­ни­стр­лік­тің - www.​miid.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­лас­қан; Өө­ті­ніш бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-сы бар болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры: 1414, 8 800 080 7777 неме­се Ми­ни­стр­лік­тің те­ле­фон­да­ры 8 (7172) 75-48-41

1.3 «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Уа­кі­лет­ті ұй­ым­ның ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» АҚ
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сы­мен өті­нім­ді көр­се­ті­ле­тін тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап, сон­дай-ақ пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де:
пай­да­ла­ну­шы сер­ти­фи­ка­тын (бұ­дан әрі - сер­ти­фи­кат) бе­ру - 60 (ал­пыс) жұ­мыс кү­ні;
пай­да­ла­ну­шы сер­ти­фи­ка­ты­ның тел­нұс­қа­сын (бұ­дан әрі - сер­ти­фи­кат тел­нұс­қа­сы) бе­ру - 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Сер­ти­фи­кат­ты (сер­ти­фи­кат тел­нұс­қа­сын) бе­ру неме­се Қа­ғи­да­лар­дың 25-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін уәкі­лет­ті ұй­ым­ның бас­шы­сы­ның неме­се ол уәкі­лет­ті бер­ген ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да «же­ке ка­би­нет­ке» жі­бе­рі­ле­ді
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­нің алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ақы­лы негіз­де заң­ды тұ­лға­лар­ға көр­се­ті­ле­ді (бұ­дан әрі – өті­ніш бе­ру­ші).
Пай­да­ла­ну­шы­ны сер­ти­фи­кат­тау үшін алым­ды тө­леу «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» (Са­лық ко­дек­сі) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 554-ба­бы­ның 7-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­мен ай­қын­да­ла­тын тәр­тіп­те және мөл­шер­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Пай­да­ла­ну­шы­ны сер­ти­фи­кат­тау үшін алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі штат са­ны­на бай­ла­ны­сты мы­на­лар­ды құ­рай­ды:
50 адам­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 1144 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
51 адам­нан 200 адам­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 1232 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
201 адам­нан 400 адам­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 1272 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
401 адам­нан 600 адам­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 1319 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
601 адам­нан 1200 адам­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 1363 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
1201 адам­нан 2000 адам­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 1407 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
2001 адам­нан астам - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 1458 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш.
Алым тө­ле­мі екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу жі­бе­рі­л­ген жағ­дай­да, тө­лем­ді «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі - ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру­ға бо­ла­ды
7.
Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның жұ­мыс кесте­сі
1) уәкі­лет­ті ұй­ым­ның – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес (бұ­дан әрі - Ко­декс) де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін.
2) пор­тал­дың - тәу­лік бойы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу мен бай­ла­ны­с­та­ғы тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (өті­ніш бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс күн­де­рі және Ко­дек­с­ке сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Уәкі­лет­ті ұй­ым­ның қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры:
1) уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да 2) www. egov. kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Пор­тал­ға:
сер­ти­фи­кат алу үшін өті­ніш бе­ру­ші осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес өті­ніш бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­нім­ді мы­на­лар­ды қо­са бе­ре оты­рып ұсы­на­ды:
1) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі:
ЭҮТШ ар­қы­лы осын­дай тө­лем жағ­дай­ын қо­с­па­ған­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін тө­лем жүр­гі­зі­л­ге­нін рас­тай­тын құ­жат;
пай­да­ла­ну­шы­ның бі­рін­ші бас­шы­сы қол қой­ған, қыз­мет­тің сер­ти­фи­кат­тау та­лап­та­ры­на, Пай­да­ла­ну­шы нұс­қа­у­ла­ры­ның ере­же­ле­ріне сәй­кест­і­гі ту­ра­лы де­кла­ра­ция және осы сәй­кест­ікті тұ­рақ­ты түр­де қол­дап тұ­ру мін­дет­те­ме­сі;
өті­ніш бе­ру­ші­нің жар­ғы­сы және құ­ры­л­тай шар­ты;
ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық құ­ры­лы­мы, бас­қа­ру құ­ры­лы­мы мен ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі және жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі көр­се­ті­л­ген жа­у­ап­ты тұ­лға­лар;
мы­на­дай бас­шы­лар­дың және/неме­се жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­дың та­ғай­ын­дал­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар:
ұшу қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі қыз­мет;
ұшу қыз­ме­ті;
ұшу­ға жа­рам­ды­лық­ты қол­дау жө­нін­де­гі қыз­мет;
же­рү­сті қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі;
пер­со­нал­ды да­яр­лау жө­нін­де­гі;
авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі;
борт­се­рік­тер қыз­ме­ті (бар бол­са);
са­па­ны ба­қы­лау жө­нін­де­гі;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сақ­тан­ды­ру­дың мін­дет­ті түр­ле­рі ту­ра­лы заң­да­ры­на сәй­кес пай­да­ла­ну­шы­ның оның қыз­мет­кер­ле­рі ал­дын­да­ғы аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру­дың сақ­тан­ды­ру по­ли­сте­рі;
әуе ке­ме­ле­рін бо­яу үл­гі­ле­рі мен мәт­ін­дік си­патта­ма­сы;
сырт­қы ұй­ым­дар­мен жа­сал­ған ұшу­ға жа­рам­ды­лық­ты қол­дау шар­тта­ры;
бе­кі­ту мен ке­лі­су­дің ти­тул па­рақ­та­ры:
ұшу­лар­ды жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қау;
сер­ти­фи­кат­тал­ған ең ауыр ұшып кө­те­рі­лу сал­ма­ғы бес мың же­ті жүз ки­ло­грамм­нан аса­тын әуе ке­ме­ле­рін пай­да­ла­на­тын пай­да­ла­ну­шы­лар үшін ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін бас­қа­ру бой­ын­ша нұс­қау;
тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­теу бой­ын­ша пай­да­ла­ну­шы­ның нұс­қа­уы;
әуе ке­ме­ле­ріне тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бағ­дар­ла­ма­сы (ре­гла­мент);
пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік бағ­дар­ла­ма­сы;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық түр­де­гі ақ­па­ра­ты, ол мы­на­ны қам­ти­ды:
өті­ніш бе­ру­ші­нің негіз­гі де­ректе­рі мен құ­ры­л­тай­шы­сы;
жос­пар­ла­на­тын ком­мер­ци­я­лық әуе та­сы­ма­лы­ның / жұ­мыстар­дың түр­ле­рі;
ұшу жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру;
ұшу­ға жа­рам­ды­лық­ты қол­дау жүй­е­сі;
ұшу­ды қам­та­ма­сыз ету;
ұшу пер­со­на­лы мен тех­ни­ка­лық пер­со­нал­дың да­яр­лы­ғы;
тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту объ­ек­ті­ле­рі­нің да­яр­лы­ғы;
әуе ке­ме­ле­рі­нің да­яр­лы­ғы;
ава­ри­я­лық эва­ку­а­ци­я­ны де­мон­стра­ци­я­лау және де­мон­стра­ци­я­лық ұшу­ды өт­кі­зу жос­па­ры;
ти­пі, мо­де­лі, се­ри­я­сы, ұлт­тық және тір­кеу бел­гі­ле­рі көр­се­ті­л­ген әуе ке­ме­ле­рі­нің ті­зі­мі;
авиа­ци­я­лық пер­со­нал;
ұшу­ды жер үст­ін­де қам­та­ма­сыз ету;
жұ­мыс түр­ле­рі көр­се­ті­л­ген сырт­қы ұй­ым­дар­мен жа­сал­ған тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры­ның тіз­бе­сі;
пай­да­ла­ну­шы сер­ти­фи­ка­тың тел­нұс­қа­сын алу үшін:
өті­ніш бе­ру­ші­нің қа­жет­ті негіз­де­ме­ні және бұ­рын бе­рі­л­ген пай­да­ла­ну­шы сер­ти­фи­ка­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін қо­са бер­ген ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­мі.
Ес­кер­ту:
ұшу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық;
ең жо­ға­ры сер­ти­фи­кат­тал­ған ұшу мас­са­сы бес мың же­ті жүз ки­ло­грам­нан аса­тын әуе ке­ме­ле­рін пай­да­ла­на­тын пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ар­нал­ған ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін бас­қа­ру жө­нін­де­гі нұс­қа­улық, пай­да­ла­ну­шы­ның тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­теу жө­нін­де­гі нұс­қа­улы­ғы, әуе ке­ме­ле­ріне тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бағ­дар­ла­ма­ла­рын (ре­гла­мент) және пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік бағ­дар­ла­ма­ла­рын пай­да­ла­ну­шы элек­трон­дық фор­мат­та Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі­нің frontoffice@ caakz. com веб-сай­ты­на жі­бе­ре­ді.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген негіз­де­рі
1) өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну және авиа­ция қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 16-ба­бы­ның 7-тар­ма­ғы­мен көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бо­лып та­бы­ла­ды
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мы­на­дай ин­тер­нет-ре­сур­стар­да:
1) Ми­ни­стр­лік­тің - www. miid. gov. kz, www. miid.gоv. kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген бө­лі­мін­де;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның: www. gov4c. kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бо­ла­ды.
Өті­ніш бе­ру­ші­нің пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414 және 8 800 080 7777 не Ми­ни­стр­лік­тің мы­на­дай те­ле­фон­да­ры бой­ын­ша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89

Қолданыстағы