Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Шуском районе

Өзге акт · № 26-3 · қабылданған 18.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166816/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Шуском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 26-3 ·18.04.2022
26.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Шуском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 26-3 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Шуском районе
Атауы (қаз.)
Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26-3
Қабылданған күні
18.04.2022
Қолданысқа енгізілген күні
06.05.2022
Көрсетілген редакция
26.06.2023 166816_642251.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22GK027664
ЭКБ идентификаторы
166816
Редакция идентификаторы
166816_642251
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:26

0 Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды

жеке жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын
өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Шу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Шу аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мөлшерін және айқындау туралы» Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5-3 (Нормативтік құқықты актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде №3206 болып тіркелген) шешімі;

2

2) «Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5-3» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 24 тамыздағы № 70-4 (Нормативтік құқықты актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 4716 болып тіркелген) шешімі;

3 3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Шу ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Шу ауданы мәслихатының
2022 жылғы 18 сәуірдегі № 26 -3
шешіміне қосымша
Шу ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Шу ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері «Әлеуметтік –еңбек саласында мемелекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазахстан Республикасның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 буйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды уйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-шығындарды өтеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2

2. Шу ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар баларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Шу аудандық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

3 3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айрылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қортындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедек баланың қайтыс болуы, Шу ауданынан басқа тұрақты мекен-жайға көшуі,) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің мөлшері әр мүгедек балаға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидалары 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы