О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 15.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2022 166914_572784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027739
- ЭКБ идентификаторы
- 166914
- Редакция идентификаторы
- 166914_572784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:27
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсыну.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
Министрлігі
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі № 34
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13701 болып тіркелген);
2
2. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 403 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16187 болып тіркелген);
3
3. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 69 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19087 болып тіркелген);
4
4. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 8 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22080 болып тіркелген).