О присвоении наименований и переименований некоторых улиц села Махамбет
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований и переименований некоторых улиц села Махамбет
- Атауы (қаз.)
- Махамбет ауылының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 15.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2022 166917_570443.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22TCL27736
- ЭКБ идентификаторы
- 166917
- Редакция идентификаторы
- 166917_570443
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:26
0 Махамбет ауылының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Махамбет ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1 1. Махамбет ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1 1) «Шұғыла» шағын ауданындағы:
№1 атауы жоқ көше - Қаршымбай Ахмедияров көшесі;
№2 атауы жоқ көше - Ақан сері көшесі;
2 2) «Жаңа ауыл» шағын ауданындағы:
№2 атауы жоқ көше - Ермек Серкебаев көшесі;
№3 атауы жоқ көше - Жәңгір хан көшесі;
№4 атауы жоқ көше - Қажымұқан Мұңайтпасұлы көшесі;
№5 атауы жоқ көше - Кенен Әзірбаев көшесі;
3 3) «Мерей» шағын ауданындағы:
№28 атауы жоқ көше - Бөгенбай батыр көшесі.