Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра общественных медиаторов

Бұйрық · № 126 · қабылданған 21.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166958/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра общественных медиаторов Қолданыста Бұйрық ·№ 126 ·21.04.2022
21.04.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра общественных медиаторов

Қолданыста Бұйрық ·№ 126 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра общественных медиаторов
Атауы (қаз.)
Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
126
Қабылданған күні
21.04.2022
Көрсетілген редакция
21.04.2022 166958_578754.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027748
ЭКБ идентификаторы
166958
Редакция идентификаторы
166958_578754
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:19

0 Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу

қағидаларын бекіту туралы
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі 2022 жылғы
21 сәуірдегі № 126
Бұйрықпен бекітілген
Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу
қағидалары

1 1. Осы қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 8-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) медиатор – Заңның талаптарына сәйкес кәсіби негізде немесе қоғамдық негізде медиацияны жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;

2 2) медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі;

3 3) медиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – медиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3

3. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі медиаторларды Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келген жағдайда тиісті өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлама тәртібімен қоғамдық медиаторлар тізіліміне қосады.
Өтініш жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

4 4. Медиаторды қоғамдық медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тиісті өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

5 5. Тізілімді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жүргізеді.

6 6. Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тиісті өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлама жасау тәртібімен қоғамдық медиаторлар тізілімінен медиаторларды алып тастайды.

Өтініш жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

1 Қоғамдық медиаторлар

тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша

р/с
Медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Медиатордың заңды мекен-жайы
Медиатордың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі)
Медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер
Медиатордың медиацияны жүзеге асыратын тілі туралы мәліметтер
Медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер

Қолданыстағы