Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Қаулы · № 1599 · қабылданған 15.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167018/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған 05.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Қаулы № 1599 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1599
Қабылданған күні
15.04.2022
Көрсетілген редакция
05.08.2022 167018_591263.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22CA027725
ЭКБ идентификаторы
167018
Редакция идентификаторы
167018_591263
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:28
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 5-2/108 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының «Садовое» тұрғын үй алабының Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері және 19/2 учаскесінің аумағында ірі қара және ұсақ малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.