Кіру
Құжат мәтініне өту

О расширении категории получателей услуг инватакси

Қаулы · № 12/01 · қабылданған 20.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167066/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О расширении категории получателей услуг инватакси Қолданыста Қаулы ·№ 12/01 ·20.04.2022
19.06.2023 редакциясы
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О расширении категории получателей услуг инватакси

Қолданыста Қаулы ·№ 12/01 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О расширении категории получателей услуг инватакси
Атауы (қаз.)
Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12/01
Қабылданған күні
20.04.2022
Көрсетілген редакция
19.06.2023 167066_638461.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22KN027792
ЭКБ идентификаторы
167066
Редакция идентификаторы
167066_638461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:20

0 Инватакси қызметін алушылардың

санатын кеңейту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұра ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы