Құжат мәтініне өту

Об установлении льготного проезда в общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Бейнеуского района

Қаулы · № 173 · қабылданған 22.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167150/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении льготного проезда в общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Бейнеуского района Қолданыста Қаулы ·№ 173 ·22.04.2022
06.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении льготного проезда в общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Бейнеуского района

Қолданыста Қаулы ·№ 173 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении льготного проезда в общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Бейнеуского района
Атауы (қаз.)
Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
173
Қабылданған күні
22.04.2022
Көрсетілген редакция
06.12.2024 167150_733125.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22MC027818
ЭКБ идентификаторы
167150
Редакция идентификаторы
167150_733125
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:18

0 Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына

қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ.ЕТЕДІ және Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Бейнеу ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына қоғамдық

көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

2 2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

3 3) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналарға.

2 2.  Бейнеу аудандық бюджеті қаржыландыру көзі болып айқындалсын.

3 3. «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысын және Бейнеу аудандық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы және Бейнеу аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әзірхановқа.жүктелсін.

7 7. Осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы және Бейнеу аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы