О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 275
- Қабылданған күні
- 29.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2022 167176_571748.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000275
- ЭКБ идентификаторы
- 167176
- Редакция идентификаторы
- 167176_571748
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:09
0 «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒБО» КеАҚ) ұсынысы қабылдансын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) «ҰАҒБО» КеАҚ-пен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2 2) мыналарды:
серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған:
1 1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар;
2 2) осы қаулының 3-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5
5. Осы қаулы серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру рәсімдері аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізілетін осы қаулының 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысының 1 және 2-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысының 1 және 2-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-158-жолмен толықтырылсын:
«123-158. «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-28-жолмен толықтырылсын:
«227-28. «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
3 3. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 76-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-10-жолмен толықтырылсын:
«
145-10.
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
».
4 4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. СҚ-Фармация
2. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты».
______________________
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысының 3-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысының 3-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-158-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 227-28-жол алып тасталсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.
______________________