О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра культуры и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра культуры и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 28.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2022 167221_572719.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027858
- ЭКБ идентификаторы
- 167221
- Редакция идентификаторы
- 167221_572719
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:11
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1
1) «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидаларында:
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 031/е нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесін;»;
18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 075/е нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесі.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Орталықтың мүгедек-спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында және медициналық ұйымдарда тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.»;
2) «Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттарда:
«Басқарушы персонал» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3-1, 3-2 және 3-3-жолдармен толықтырылсын:
«
3-1.
Мемлекеттік жаттықтырушы
спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік
3-2.
Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы
спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік
3-3.
Құрама команданың бастығы
спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік
»;
«Әкімшілік персонал» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
13.
Бухгалтер
жеке спорт базасы бар ұйымдардан басқа 3 бірліктен артық емес
жеке спорт базасы бар ұйымдарда 4 бірліктен кем емес
14.
Экономист
4 бірліктен артық емес
»;
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
19.
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер
2 бірліктен артық емес
»;
«Спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін лауазымдардың қосымша штаттық бірліктері» деген бөлімде:
реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
83.
Нұсқаушы-спортшы
әрбір спорт түріне 20 бірліктен артық емес
».