Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования для спасения людей и в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций

Қаулы · № 875 · қабылданған 26.08.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16729/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования для спасения людей и в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций Күшін жойған Қаулы ·№ 875 ·26.08.2003
22.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования для спасения людей и в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 875 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования для спасения людей и в случае крайней необходимости средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций
Атауы (қаз.)
Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
875
Қабылданған күні
26.08.2003
Көрсетілген редакция
22.10.2014 AI16729_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000875_
ЭКБ идентификаторы
16729
Редакция идентификаторы
AI16729_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:00

0 Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы

"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

3 Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 27 тамыздағы
N 875 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесі

1 1. Осы Ереже құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.

Байланыс құралдары, көлік, мүлік және өзге де материалдық құралдар іздестіру-құтқару, авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында адамдарды құтқару үшін және өте қажет жағдайда ғана пайдаланылады.

2 2. Өте қажет жағдай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер төнген кезде басталады.

3 3. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануды тұрақты шарттық негізде немесе ерікті бастамалармен құрылатын авариялық-құтқару қызметі мен авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушылары жүзеге асырады.

Құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануы туралы шешімді төтенше жағдайларды жою басшысы қабылдайды және бұйрықпен (өкіммен) ресімделеді.

4 4. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде құтқарушылар төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың басшыларынан байланыс құралдарын, көлікті, мүлікті және өзге де материалдық құралдарды қабылдап алады.

5 5. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану осы ұйымдар қызметінің бұзылуына әкеліп соқпауы тиіс.

6

6. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану үшін құтқарушылар ұйымдардың адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда қажетті байланыс құралдарының, көліктің, мүліктің және өзге де материалдық құралдарының тізбесін анықтайды.
Құтқару бөлімшесінің басшысы ұйым басшысымен бірлесіп, қабылдап алу актісін, ал авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдаланылған мүлікті беру актісін (1-2-қосымшалар) жасайды. Актінің бір данасы ұйым басшысына, екінші данасы төтенше жағдайларды жою басшысына беріледі.

7 7. Адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген тікелей қауіп жойылғаннан кейін оларды құтқару үшін тартылған байланыс құралдары, көлік, мүлік және өзге де материалдық құралдар иесіне қайтарылады.

11 Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі

Адамдарды құтқару үшін және
өте қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар аймақтарында
орналасқан ұйымдардың байланыс
құралдарын, көлігін, мүлкін
және өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
ережесіне
1-қосымша
Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
_______________________
2003 ж. "__"___________
Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі
Құтқару бөлімшесінің басшысы ______________________________________
Ұйым басшысы ______________________________________________________
"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына
сәйкес ____________________________________________________ұйымынан
адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстарды орындау уақытына
мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары ________________________________________________
көлік _____________________________________________________________
мүлік _____________________________________________________________
өзге материалдық құралдар _________________________________________
қабылдап алғаны туралы осы актіні жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _______________________
Құтқару бөлімінің басшысы _________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Ұйым басшысы ______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)

12 Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі

Адамдарды құтқару үшін және
өте қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар аймақтарында
орналасқан ұйымдардың байланыс
құралдарын, көлігін, мүлкін
және өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
ережесіне
2-қосымша
Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
_______________________
2003 ж. "__"___________
Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі
Құтқару бөлімшесінің басшысы ______________________________________
Ұйым басшысы ______________________________________________________
"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына
сәйкес ____________________________________________________ұйымға
адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстарды орындау уақытына
мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары ________________________________________________
көлік _____________________________________________________________
мүлік _____________________________________________________________
өзге материалдық құралдар _________________________________________
қайтарылғаны туралы осы актіні жасасты.

Қолданыстағы