Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Шалкарского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Ереже · № 231 · қабылданған 28.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167305/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Шалкарского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области Күшін жойған Ереже ·№ 231 ·28.04.2022
15.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Шалкарского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Күшін жойған Ереже ·№ 231 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Шалкарского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
231
Қабылданған күні
28.04.2022
Көрсетілген редакция
15.09.2023 167305_654822.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22CM00231M
ЭКБ идентификаторы
167305
Редакция идентификаторы
167305_654822
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:13

0 Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жылтыр, Талдықұм ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шалқар аудандық мәслихатының

2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 231 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Шалқар ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны-ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалқар ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шалқар ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шалқар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті учаскеден қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалқар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Шалқар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Шалқар ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

21 Шалқар аудандық мәслихатының

2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 231 шешіміне
2 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жылтыр, Талдықұм ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
Жер­гі­лік­ті қо­ғам­да­стық жиы­ны­на қа­ты­су үшін өкіл­де­рі­нің са­ны (адам)
1.
Шал­қар ауыл­дық окру­гі Жы­л­тыр ауы­лы­ның Жастар, Бір­лік кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
1
2.
Шал­қар ауыл­дық окру­гі Жы­л­тыр ауы­лы­ның Ар­да­гер, Ба­ды­рақ кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
1
3.
Шал­қар ауыл­дық окру­гі Жы­л­тыр ауы­лы­ның Бал­ға­сын, Бұ­лақ кө­ше­сі тұр­ғын­да­ры үшін
1
4.
Шал­қар ауыл­дық окру­гі Жы­л­тыр ауы­лы­ның Дам­бар кө­ше­сі тұр­ғын­да­ры үшін
1
5.
Шал­қар ауыл­дық окру­гі Жы­л­тыр ауы­лы­ның Қай­нар кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
1
6.
Шал­қар ауыл­дық окру­гі Жы­л­тыр ауы­лы­ның Са­мал кө­ше­сі тұр­ғын­да­ры үшін
1
7.
Шал­қар ауыл­дық окру­гі Тал­ды­құм ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры үшін
1
Барлығы:
7

Қолданыстағы