Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей города для участия в сходе местного сообщества города Шалкар Шалкарского района Актюбинской области

Ереже · № 220 · қабылданған 28.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167313/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей города для участия в сходе местного сообщества города Шалкар Шалкарского района Актюбинской области Күшін жойған Ереже ·№ 220 ·28.04.2022
15.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей города для участия в сходе местного сообщества города Шалкар Шалкарского района Актюбинской области

Күшін жойған Ереже ·№ 220 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей города для участия в сходе местного сообщества города Шалкар Шалкарского района Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
220
Қабылданған күні
28.04.2022
Көрсетілген редакция
15.09.2023 167313_657585.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22CM00220M
ЭКБ идентификаторы
167313
Редакция идентификаторы
167313_657585
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:13

0 Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шалқар аудандық мәслихатының

2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 220 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Шалқар қаласының тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны–қала тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін қаланың аумағы учаскелерге ( көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалқар қаласының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шалқар қаласының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шалқар қаласының әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалқар қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Шалқар қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Шалқар қаласы әкімінің аппаратына беріледі.

21 Шалқар аудандық мәслихатының

2022 жылғы «28» сәуірдегі
№ 220 шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Кө­ше­лер­дің ата­уы
Жер­гі­лік­ті қо­ғам­да­стық жиы­ны­на қа­ты­су үшін өкіл­де­рі­нің са­ны (адам)
1.
Шал­қар қа­ла­сы­ның О.Құ­ле­тов, Жил­ко­опе­ра­ция, Ж. Та­у­ша­нов, 1 Ма­мыр, Ба­тақ­тың Са­ры­сы, Жам­был, Абай, Ал­тын­са­рин, С. Ма­ма­нов, Жыл­қа­ман ба­тыр кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
2.
Шал­қар қа­ла­сы­ның М. Әу­е­зов, Т. Ах­та­нов, Бай­қа­зақ ба­тыр,
Аман­гел­ді, До­стан би, Е. Ерім­бе­тов кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
3.
Шал­қар қа­ла­сы­ның В.Це­ха­но­вич, Е.Ба­тыр­ға­рин, И. До­цен­ко, Ә. Жан­гел­дин, Ма­май До­ста­нұ­лы кө­ше­сі, Қыз Жі­бек, Т. Жал­ма­ған­бе­тов, Қа­ра­шо­қат, Ші­лік­ті, Тұ­ма­лы­көл, Шу­ақ кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
4.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Ы. Ка­ра­гу­лин, З. Мұ­ста­фин, Пи­том­ник, Арал, Мөң­ке би, С. Жа­ман­құ­лов, Шо­қы­су кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
5.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Г.Рез­ва­нов, Т.Ал­ди­я­ров, Ә. Би­е­ке­нов, Ю. Га­га­рин, Ә. Мұ­ңайт­ба­сұ­лы, Москва, Д. Үм­бет­жа­нұ­лы, Ақ­тө­бе, Жа­ңа, И. Тұр­ған­ба­ев, Құл­қай ата, Ораз би Тәте­ұлы, Е. Ни­я­зов, Ұлы Бор­сық, Мұз­бел кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
6.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Жа­ңа құ­ры­лыс, Өрт­ші­лер, То­қы­ма­шы­лар, Жел­тоқ­сан, Мырзығ­ұл Шы­ма­нұ­лы, Г. Ти­тов, Электр, Улья­нов, До­стық, Бор­сық кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
7.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Т. Шой­ға­рин, Ш. Ра­фи­ков, Н. Қоблан­дин, Ө. Сей­і­тов, Т. Би­се­нов, Қа­ра өт­кел кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
8.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Әй­те­ке би, Қ. Ақ­шо­ла­қов, Мәу­міт ба­тыр, Ж. Жар­ма­ғам­бе­тов, До­стық, Көл, Клуб, І. Үр­ге­ніш­ба­ев, Ә. Мол­да­ғұ­ло­ва кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
9.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Қ. Қо­нақ­бай­ұ­лы, Ақ­тан Ақай­ұ­лы, Бей­біт­ші­лік, Есет Кө­ті­ба­рұ­лы, Көл жа­ға­ла­уы, Қа­зан­ғап, Н. Юс­у­пов, Ж. Дүй­і­сов, Бақ, А. Жұ­ба­нов, Т. Кө­шер­ба­ев, Оң­тү­стік кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
10.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Ұран Бақ­ты­бай, Т.Ба­се­нов, Ал­шын Қа­ра­жі­гіт би, Б. Сү­лей­ме­нов, М. Сы­ды­құ­лы, Ж. Ме­ке­ба­ев, Н. Жақ­сы­ба­ев, Е. Жаң­быр­шин, Ә. Тө­ле­ге­нов, Ә. Құр­ма­нов, Мек­теп, Кос­мо­навттар, М. Ма­ме­до­ва кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін.
2
11.
Шал­қар қа­ла­сы­ның А.Ти­хо­нов, Да­ла, Ше­тыр­ғыз, Өнер, Тал­ды­құм, Ә. Бай­сал­ба­ев, Жастар, Өн­ді­ріс, Сол­тү­стік шос­се, Ы. Нұр­та­ев, Құр­ман­ға­зы, Ел­те­зер, Жә­лім­бет, Х. Ес­бо­сы­нов, Энер­ге­тиктер, Кі­ші, Н. Кен­же­ба­ев, Н. Тә­жі­ба­ев, Сазтө­бе кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
12.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Кө­к­жи­де, Са­ры­қа­мыс кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
1
13.
Шал­қар қа­ла­сы­ның Та­ғы­бер­ген Жа­ма­шұ­лы, Же­ңіс­ке 40 жыл, О. Ақ­жа­нов, Ең­бек, С.Бо­ран­бай­ұ­лы, Д. Қа­ла­ға­нов, Бо­стан­дық, Бай­ла­ныс, Ү. Адил­ши­нов, Ақи­рек, На­урыз, Ын­ты­мақ, Аяқ­құм, Ы. Аб­дул­лин, Мә­де­ни­ет, Т. Жұ­ма­ға­ли­ев, Қа­за­қай Ахун, Ер­на­зар Бе­кет, Б. Тұң­ға­та­ров, Ә. Жа­на­ма­нов, Ағай­ын­ды Қал­жа­но­втар, Қ. Сәл­пе­нов, Ж.Қа­бақ­ба­ев, М. Қа­ды­ров, Е. Жо­ла­ма­нов, Қ. Қа­ра­тай­ұ­лы, Жан­ұ­за­қо­втар кө­ше­ле­рі тұр­ғын­да­ры үшін
2
Барлығы
25

Қолданыстағы