О внесении изменений и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан «О республиканском референдуме»
Қолданыста
Заң
·№ 119-VII
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан «О республиканском референдуме»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 119-VII
- Қабылданған күні
- 05.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2022 167363_572450.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2200000119
- ЭКБ идентификаторы
- 167363
- Редакция идентификаторы
- 167363_572450
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:02
0 «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1 1-бап. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту;»;
2 2) 28-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «сызылып тасталмаған» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сызылып тасталған» деген сөздер «белгіленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
3 3) 29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азамат дауыс берген кезде өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды.».