Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу

Өзге акт · № 154/22 · қабылданған 29.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167389/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу Күшін жойған Өзге акт ·№ 154/22 ·29.04.2022
20.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу

Күшін жойған Өзге акт ·№ 154/22 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Алгабасского сельского округа города Аксу
Атауы (қаз.)
Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154/22
Қабылданған күні
29.04.2022
Көрсетілген редакция
20.09.2023 167389_655426.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22PB15422M
ЭКБ идентификаторы
167389
Редакция идентификаторы
167389_655426
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:10

0 Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ақсу қаласы Алғабас атындағы ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

Ақсу қалалық мәслихатының
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 154/22 шешімімен
бекітілген
Ақсу қаласы Алғабас атындағы ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

1

1. Осы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы Алғабас, Жолкұдык, Ребровка, Қаракөл, Айнакөл, Сынтас, Көктас, Қарабай ауылдарына бөлінеді.

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

6 6. Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

7

7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында ауылдың қатысып отырған және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес оған қатысуға құқығы бар тұрғындарының тіркеуі жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақсу қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардның ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

11 11. Жергілікті қоғамдастиықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппаратына 3 жұмыс күні ішінде беріледі.

16 Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ақсу қалалық
мәслихатының 2022 жылғы
29 сәуірдегі № 154/22
шешіміне қосымша
Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ р/н
Елді мекен атауы
Алғабас ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1.
Алғабас ауылы
3
2.
Жолқұдық ауылы
3
3.
Ребровка ауылы
1
4.
Қаракөл ауылы
1
5.
Айнакөл ауылы
2
6.
Сынтас ауылы
1
7.
Көктас ауылы
1
8.
Қарабай ауылы
1

Қолданыстағы