Об утверждении Правил и срока реализации пилотного проекта по передаче банками второго уровня сведений о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, выполнении работ и оказании услуг в органы государственных доходов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и срока реализации пилотного проекта по передаче банками второго уровня сведений о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, выполнении работ и оказании услуг в органы государственных доходов
- Атауы (қаз.)
- Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- vexp
- Нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 04.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2023 167433_675176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027936
- ЭКБ идентификаторы
- 167433
- Редакция идентификаторы
- 167433_675176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:06
0 Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап өз қолданысын тоқтатады.
0 Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрінің
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 467 Бұйрықпен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Пилоттық жоба) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және:
1) Пилоттық жобаға қатысушыларды;
2) Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін;
3) Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Пилоттық жоба екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілер жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына тегін негізде беруді көздейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
2) мобильдік төлемдер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның пайдасына тауарды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуге электрондық нысанда бастамашылық жасалған, мобильдік қосымша немесе штрих кодты пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған өзге де жабдық (құрылғы) арқылы алынатын қолма-қол ақшасыз төлемдер;
3) салық төлеушілер – Салық кодексінің 166-бабы 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар және ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндеттемелері бар заңды тұлғалар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және «Ақпараттандыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар
4. Мыналар:
1) ЕДБ арқылы ерікті негізде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруге дайындығын білдірген салық төлеушілер;
2) ««Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 123 Бұйрық) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес Комитеттің ақпараттық жүйелері сервисіне қосуға өтінімдер берген ЕДБ (келісу бойынша);