Об утверждении типового положения о Комиссии по осуществлению процедуры присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении типового положения о Комиссии по осуществлению процедуры присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца
- Атауы (қаз.)
- Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 05.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2022 167435_572876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027937
- ЭКБ идентификаторы
- 167435
- Редакция идентификаторы
- 167435_572876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:02
0 Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту
Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
8 Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 5 мамырдағы
№ 149 Бұйрығына
қосымша
Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құру және оның қызметі тәртібін айқындайды.
2 2. Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
3
3. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2 2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
4 4. Комиссияның құрамы облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) әкімінің өкімімен бекітіледі.
5 5. Комиссия төраға, төраға орынбасары, хатшы және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан құралады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
6 6. Комиссияның құрамына ішкі істер органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері кіреді.
7 7. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган (бұдан әрі – ХЖҚЖО) басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
8 8. Комиссия төрағасының орынбасары Комиссияның бірінші отырысында оның мүшелері арасынан көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы сайланады.
9 9. Комиссияның жұмыс органының функциялары ХЖҚЖО-ға жүктеледі.
10 10. Комиссия отырысын комиссия төрағасы, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары өткізеді.
11 11. Комиссия отырыстары босқындар, сондай-ақ пана іздеп жүрген адамдардың өтініштері келіп түсуіне қарай өткізіледі.
12 12. Комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, комиссия отырысы заңды болып табылады.
Комиссия отырысы өткізілген соң бір күн мерзімде келесі: