О присвоении наименований улицам города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований улицам города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының көшелеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 06.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2022 167475_572983.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22R0027918
- ЭКБ идентификаторы
- 167475
- Редакция идентификаторы
- 167475_572983
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:01
0 Алматы қаласының көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 5 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 сәуірдегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Келесі көшелерге атаулар берілсін:
Алматы қаласы Алатау ауданы «Нұркент» шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 1-көшеге – Аднан Мендерес көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы «Ерменсай» шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 2-көшеге – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
жобалық атауы № 4-көшеге – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
жобалық атауы № 5-көшеге – Шолпан Жандарбекова көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы «НұрАлатау» шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 12-көшеге – Ғазиза Жұбанова көшесі;
жобалық атауы № 13-көшеге – Кәкімбек Салықов көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы «Нұрлытау» шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 6-көшеге – Роза Жаманова көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:
жобалық атауы № 2-көшеге – Тимофей Седельников көшесі;
жобалық атауы № 7-көшеге – Мәшһүр Жүсіп көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы «Алатау» шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 14-көшеге – Лев Гумилев көшесі.
2
2. Алматы қаласы Алатау, Бостандық, Медеу аудандарының әкімдері, «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы», «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы», «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы бірлескен қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.