Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Өзге акт · № 5 · қабылданған 04.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-167541/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Қолданыста Өзге акт ·№ 5 ·04.05.2022
27.06.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Қолданыста Өзге акт ·№ 5 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
04.05.2022
Көрсетілген редакция
27.06.2023 167541_640134.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22KK027986
ЭКБ идентификаторы
167541
Редакция идентификаторы
167541_640134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:04

0 Тұрғын үй сертификаттарының

мөлшерін және алушылар
санатының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Буқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес анықталсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 5
шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері

1 1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2 2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 2022 жылғы 04
мамырдағы № 5
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы
1.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
2.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
3.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
4.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
5.
Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
6.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдаланудың қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.

Қолданыстағы