Об утверждении Правил доступа в платежную систему Республики Казахстан, оператором которой является Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казахстанский центр межбанковских расчетов Национального Банка Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил доступа в платежную систему Республики Казахстан, оператором которой является Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казахстанский центр межбанковских расчетов Национального Банка Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кіру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 24.07.2003
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2008 AI16756_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002458_
- ЭКБ идентификаторы
- 16756
- Редакция идентификаторы
- AI16756_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:06
0 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кіру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кіру талаптарын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1 1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кіру ережесі бекітілсін.
2
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйесіне кіруді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз етуге және техникалық құралдарға қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1325 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 4-17 желтоқсанда жарияланған) 2000 жылғы 30 қазандағы N 400 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
8 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кіру ережесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Қазақстан
банкаралық есеп айырысу
орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығы бар республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
операторы болып табылатын
Қазақстан Республикасының
төлем жүйесіне кіру
ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 25 шілдедегі
N 235 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кіру ережесі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны операторы болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне (бұдан әрі - төлем жүйесі) кіруді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді.
2
2. Төлем жүйесіне кіруді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - төлем жүйесінің терминалы) төлем жүйесінің пайдаланушылары (бұдан әрі - пайдаланушылар) болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қойылады.