Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований
- Атауы (қаз.)
- Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 305
- Қабылданған күні
- 13.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2022 167628_575135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000305
- ЭКБ идентификаторы
- 167628
- Редакция идентификаторы
- 167628_575135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:56
0 Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналарды:
1
1) 2022 жылғы 15 наурыздан бастап 15 мамыр аралығындағы және 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнева және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ен салу, сақина салу және ғылыми зерттеулер үшін Каспий итбалығының кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберілетін 156 дарағын;
2 2) 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Алматы облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан ғылыми зерттеулер үшін 550 килограмм көлемінде Арал пілмайын;
3 3) 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Қызылорда және Түркістан облыстарының шегінде Сырдария өзенінен ғылыми зерттеулер үшін 300 килограмм көлемінде Арал қаязын алу рұқсат етілсін.
2 2. Арал пілмайының бір килограмын алу үшін төлемақы мөлшерлемесі 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Арал қаязының бір килограмын алу үшін 0,013 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға Каспий итбалықтарының дарақтарын, Арал пілмайын, Арал қаязын ғылыми зерттеулер үшін алудың көрсетілген көлемдеріне рұқсат берсін.
4
4. Алматы облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға Алматы облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен және Қапшағай су қоймасынан Арал пілмайын ғылыми зерттеулер үшін алудың көрсетілген көлемдеріне рұқсат берсін.